Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен гарнизонында әскери техникаларды қысқы оқу кезеңіне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде

2021 оқу жылына арналған Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес, қысқы оқу кезеңіне қару-жарақ пен әскери техниканы дайындау бойынша шаралар қарқынды жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен гарнизонында әскери техникаларды қысқы оқу кезеңіне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Әскери техникаларды қысқы оқу кезеңіне ауыстыру бойынша шаралар ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде басталған, деп мәлімдеді Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.

Қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы кезеңге дайындау барысында жеке құрамды, бекеттер мен учаскелерді, техникалық қызмет көрсету жабдықтарын, жауынгерлік машиналар парктерінің технологиялық желісінің элементтерін қосалқы бөлшектермен, жанар-жағармай материалдарымен, құралдар және керек-жарақтармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

Ауа райының қатаң уақытына қарай әскери қызметшілер төмен салқындатқыш сұйықтықтарды, сүзгіш элементтерді және тозған техниканың резеңке бұйымдары мен майларды ауыстыруы, тораптар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсету қажет.

Техниктер барлық жүйелердің, қондырғылардың жұмысқа жарамдалығын, қозғалтқыштар мен май құйылатын багтарды тексереді, майлар мен арнайы сұйықтықтары ауыстырады, - дейді бөлім командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары майор Ерсін Ибрагимов.

Бұл іс-шаралар жауынгерлік даярлықты қамтамасыз ету, сондай-ақ күрделі метеорологиялық жағдайларда техниканың үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Арнайы комиссия құрамы әскери техникаларды дайындау және қысқы кезеңге ауыстыру жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауда.

Следующая →