Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақтың жігіті Өскеменде джаз өнерін дамытқысы келеді

2019 жылы Өскемен қаласында құрылған Big Band тобы үрлемелі аспаптар мен джаз өнерін насихаттап, танытып жүр. Шетелдің осындай тарихы терең ән жанрына бет бұрған қазақтың қара домалақ балалары да баршылық. Аталмыш топта өнер көрсетіп жүрген Зайсан қаласының тумасымен сұхбаттасудың сәті түсті

Усть-Каменогорск и ВКО / Қазақтың жігіті Өскеменде джаз өнерін дамытқысы келеді

Қазақ халқы атамзаманнан бері өнер деген қастерлі дүниені өте жоғары бағалаған. "Жігітке жетпіс өнер де аз", "Өнер алды - қызыл тіл", "Өнерлі өрге жүзеді", "Ата өнері - балаға мұра", "Өнер деген: мінсең - ат, ұшсаң - қанат, кисең - жанат, жесең - тамақ", "Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер", "Өнерді үйрен, үйрен де жирен" деген бабалар даналығы, елдің аузындағы мақал-мәтелдер соның айғағы болса керек.

Өнер - ұлт таңдамайды, жас талғамайды. Өйткені ол жеті жұртқа да ортақ. Өзіміздің айтыс, дәстүрлі ән, күй, жыршылық, шешендік жайлы талай жерде айтылып та, жазылып та жүр. Ал енді, қазаққа таңсық Еуропа елдерінен бас-тау алған өнер түрлері туралы не білеміз?

Джаз - 19-шы ғасырларда Еуропа мен Африка музыкаларының тоғысынан пайда болған ән жанры. Джаздағы көп ырғақтылық, әуеннің бірнеше рет қайталануы, вокалдық мәнерлілік - Африка халықтарының музыкасына тән нәрсе. Ол ең алғаш рет АҚШ-тың Нью-Орлеан қаласында орындалған. Қазіргі джаз музыкасы жарнамалық жеңіл музыка және көркемдік бейнелеу құралдары болатын шығармашылық бағытта даму үстінде. Бұл жанрға блюз де қатты ұқсайды. Тіпті кейде оларды ажырату да мүмкін емес.

2019 жылы Өскемен қаласында құрылған Big Band тобы үрлемелі аспаптар мен джаз өнерін насихаттап, танытып жүр. Шетелдің осындай тарихы терең ән жанрына бет бұрған қазақтың қара домалақ балалары да баршылық. Аталмыш топта өнер көрсетіп жүрген Зайсан қаласының тумасымен сұхбаттасудың сәті түсті. 

 Өзіңізге және отбасыңызға кеңінен тоқталайық...

- Мен Жұмабеков Бекболат 1993 жылы шырайлы шығыстың Зайсан қаласында, Отан қорғаушылар күнінде, яғни мамырдың 7-інде дүниеге келдім. 1993 жылы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының алдында Бекболат Тілеуханов "Елім менің" әнін шырқапты. Әкем мені сол кісі сияқты әнші болса екен деп ырымдап, атымды Бекболат қойған екен. Отбасым да өнерге жақын шығармашыл адамдар болғандықтан, төрт жасымнан бастап Мейрамбек Беспаев орындайтын "Жан Ана" әнін айттым. Кейін келе домбырада әр түрлі әндерді орындап үйрендім. Осы жарық дүниеге әкелген әуелі Аллаға, одан кейін тәрбиелеп жеткізген ата-анама алғыс айтқым келеді. Тағы бір ерекше рахметімді өнер жолында маған көп нәрсе үйреткен Арыстанбек Оразұлы, Антон Трубачев, Думан Орынғали сынды ұстаздарыма айтқым келеді.

Балалық арманыңыз қандай еді?

- Өзім музыкаға жақын болғаныммен, негізі балдәурен шағымнан бері дәрігер болуды, медицина саласында жұмыс істеуді армандадым. Отбасымызда бес ағайындымын. Менің алдымда үш қыз және менен кейін бір бауырым бар. Үш әпкемді оқытқан кезде әкемнің ауыр жұмыс істеп қиналып жүргенін көрдім. Сондықтан грантқа түсуге барымды салып тырыстым. Грантқа оқуға түсу де сол кездегі басты мақсаттарымның бірі болды. Ал адамдардың өмірін құтқару мен үшін орындалмай кеткен армандардың бірі болып қала береді.

Қайда оқыдыңыз, қандай білім алдыңыз?

- 2011 жылы Өскемен қаласындағы ағайынды Абдуллиндер атын-дағы өнер учили-щесіне оқуға түстім. Білімімді ары қарай тереңдетіп, жоғары оқуды елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде жалғастырдым. Сегіз жыл "труба" деген үрмелі аспапта ойнауды үйрендім. 2019 жылы жоғары оқу орнын абыроймен аяқтап, Өскемен қаласына оралдым. Мен университетті тәмамдаған жылы достарым да менімен бірге осында келді. Ол кезде облыс орталығында духовой (үрмелі) оркестр мен симфониялық оркестр ғана болатын. 2019 жылы "Ертіс концерт" мекемесіне жұмысқа кірдік.

Джаз өнері біздің қазаққа таңсық. Неге осы жанрды таңдағаныңыз дәл?

- Мен сегіз жыл бойы классикалық шығармаларды оқығандықтан, джаз шығармаларын ойнауға (свинг) қызығушылық туды. Джаз оркестрінде өз аспаптарында ойнайтын кәсіби мықты мамандар болғандықтан, күрделі шығармаларды меңгеру қиынға соққан жоқ. Оркестріміз жылдан жылға даму үстінде. Енді шет мемлекеттерге шығып, шетелдік майталмандардан шеберлік сағаттарын алсақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Өзіңіз қазір өнер көрсетіп жүрген Big Band тобы туралы айтып беріңізші. Қашан және кімнің бастамасымен құрылды, құрамында қанша адам бар?

- Қазіргі таңда Қазақстандағы музыканттар да Еуропалық елдерге еліктеп үрлемелі аспаптарда ойнауды дамытып келеді. Мәселен, Алматы, Астана, Павлодар, Шымкент, Қарағанды қала-ларында джаздық оркестрлер бар. Ал Өскемен қаласындағы "Big Band" тобы 2019 жылы құрылды. Құрамында дирижермен қосқанда жиырма екі адам өнер көрсетеді. Арамызда жасы үлкен егде адамдар да бар. Мысалы, Глушков деген тенор саксафонда ойнайды, жасы 76-да. Борис деген тромбоншы бар. Ең жас өнерпазымыз 21-де. Жетекшіміз - Александр Адамов. Біз елге кеңінен танымал музыкаларды джаздық оркестрмен халыққа орындап береміз. Осы орайда айта кетейін, 8 қазан күні "Ертіс концерт" залында "Big Band" тобының концерті болады. Қазір сол кешке дайындалып жатырмыз.

Болашақтағы арманыңыз, мақсатыңыз қандай?

- Осы күні мен №1 Балалар музыка мектебінде үрлемелі және ұрмалы аспаптардан сабақ беремін, дәріс оқимын. Балалармен бірге оркестрді тыңдап, оларға аспапта ойнау- ды үйретудемін. Болашақта сол шәкірттерімнің үлкен-үлкен жетістіктерге жеткенін, биік шыңдарды бағындырғанын көргім келеді. Яғни еңбегімнің жемісін көрсем деймін.

Өскеменде джаз, поп, блюз, рок секілді ән жанрына бау-литын ұстаздар, үйрететін орталықтар бар ма?

- Жоқ. Өкінішке орай, біздің шығыста өнердің бұл түрі дамымаған.

8 қазан күні өтетін концертте қандай бағдарлама ұсынасыздар?

- Әлемдік кинолардағы және мультфильмдердегі саундтректер оркестрмен ойналады. Жұрттың көріп жүрген кинолары мен мультипликациялық фильмдері лэд-экраннан көрсетіліп тұрады. Яғни, оркестр соған қосылып музыкалық туындыларды ойнайтын болады. Уақыт тауып, келіп көрген көрермендерге қызықты болады деп ойлаймын. !Емен-жарқын әңгімеңіз үшін рақмет! Сізге шығармашылық табыс тілейміз!

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Биг-бэнд Джаз