Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көкжыра ауылына Қазақ радиосының үні жетті

Қазақ радиосы 1921 жылы 1 қазанда алғаш рет хабар таратқан. Содан бері Қазақ радиосы ұлтымыздың үнжариясына айналды. Осыдан тура бір ғасыр бұрын радионың тұңғыш хабары Орынбор қаласынан әуе толқынына шыққан

Усть-Каменогорск и ВКО / Көкжыра ауылына Қазақ радиосының үні жетті
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Алаш ардақтысы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының бұл бастамасы ғұмырлы болып, қазіргі таңда ұлттық жобаға айналды. "Қазақ радиосы" - елдегі ежелгі ақпарат құралдарының бірі. Әу баста өзіне жүктелген міндетті, оның ішінде қоғамды ақпараттандыру және ағартушылық қызметін толығымен орындап келеді.

Бүгінде "Қазақ радиосы" радиоарнасының қатары "Шалқар", "Астана" және "Classic" радиосымен толыққан. "Қазақ радиолары" ЖШС құрамына біріккен төрт радио күнделікті тыңдармандарын әрқайсысы өз бағыты бойынша ақжолтай жаңалықтарымен қуантып келеді. Ұзақ жылдардан бері қалтқысыз қызметімен ел ақпаратының ақ мылтығына, бастау бұлағына айналған қарашаңырақ - Қазақ радиосының эфирге шыққанына 2021 жылдың 1 қазанында 100 жыл толды. Осыған орай Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылында тарихи сәт орын алды. Көкжыра ауылына Қазақ радиосын қосу мақсатында КАЗТЕЛЕРАДИО мамандары келіп мұнараға 50 шақырым аумақты ақпаратпен қамтитын қосымша антенна орнатты.

Үйде немере тәрбиелеп отырған зейнеткерлер үшін де радио таптырмайтын тәрбие құралы. Тарихи сәтке күә болған ауыл тұрғындарының қуанышын сөздерінен байқауға болады.

Бір ғасырдан артық тарихы бар Көкжыра ауылында үлкен қуаныш, Қазақ радиосын тыңдап, халық болып қуанып жатырмыз. Ұзағынан болсын дейміз. Осы хабарды естігеннен бері ауыл тұрғындары болып Қазақ радиосының үнінің тыңдауға асықтық, - деді ауыл тұрғыны Аманжол Сәрсембаев.

Следующая →