Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатай ішкі нарықты өз өнімімен қамтуға қауқарлы

Тарбағатай ауданындағы Жетіарал ауылында кәсібін дөңгелетіп отырған "Аяна" шаруа қожалығы өз жерлестерін қолжетімді бағадағы ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Тарбағатай ішкі нарықты өз өнімімен қамтуға қауқарлы
Фото:
В. Ивановтікі

Аппарат мәжілісінің кезекті отырыстарының бірінде аудан әкімі Асхат Смаилов ішкі нарықты өзімізде өсірілген жергілікті картоппен қамтуға мүмкіншілік барын айтып, шаруа қожалықтарын осыған бағыттау қажеттілігіне тоқталған болатын. Осы орайда Жетіарал ауылдық округіндегі шаруалардың картоп өсіруді дәстүрлі жүйеге айналдырғанын атап өтуге болады. Осы тиімді үрдіс басқа ауылдарда да жалғасын табуы керек сияқты. Өйткені жетаралдық шаруалар өзге ауылдарға да картоп тасымалдап отырған көрінеді.

2017-2018 жылдардан бері картоп өсірумен айналысамыз. Орташа есеппен жақсы өнім алып отырмыз. Міне, биыл 5 гектар картоп еккенбіз.Таяуда қазып бастадық. 10 тонналық қоймамыз бар. Көбінесе біз көл жағалай қоныстанған ауылдар: Тұғыл, Қабанбай, Ақжарға және өз ауылымызға өзіміздің өнімді төмен бағада өткізіп тұрамыз. Онымен қоса, мемлекеттік мал тұқымын асылдандыру бағдарламасы бойынша төрт түлік мал да ұстаймыз, - дейді "Аяна" шаруа қожалығының жетекшісі Ғабит Бақытбек.

Шаруа қожалығы ауа райы мен жергілікті топыраққа бейімделген өз өнімдерінің тұқымдарын егіп, жылдан жылға мол өнімге қол жеткізуде. Жыл сайын жетіаралдық шаруалар Нұр-Сұлтан, Өскемен қалаларындағы, аудан орталығындағы жәрмеңкелерге қатысып, картоп өнімдерін нарықтық бағадан 20-30 пайызға төмен пұлдап, тұрғындарды қамтамасыз етуде.

Биылғы құрғақшылық ауыл шаруашылығы өнімінің шығымына әсер еткені белгілі. Осыған орай үкіметтік бағдарламамен қыстауға құдық қаздырып, күн панелін қойдырған.

Ауданымыздағы шаруа қожалықтары түрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, қарқынды жұмыс жасауда. Енді, міне, мал шаруашылығына берілетін субсидияны да алдық. Егін егетін шаруашылықтың саны жылдан - жылға артып келеді. Жалпы жұмыс жасаймын дегендерге мемлекеттен түрлі субсидия, несие, жеңілдіктер қарастырылған, - дейді Тарбағатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімнің бас маманы Еркебұлан Шөпбаев.

Аудан орталығына егін өнімдері көбінесе сырттан тасымалданады. Ғалымдардың пайымдауынша, қайсыбір өнім де сабағынан үзілген соң оны белгілі бір уақытта тұтынбаса, дәруменін жоғалтады екен. Ұрылып, жолсоқты болып талай шақырымды артқа тастаған қай өнім де сапалы бола қоймасы анық. Сондықтан жақыннан дорбалайтын өз өнімімізге ештеңе жетпес.

Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Тарбағатай Картоп