Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Семейде көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда

Семей қаласындағы алты көшені жарықтандыру жұмыстарын бастау үшін қажетті жинақтаушылар дайын. Бірінші кезекте Березовский кенті мен РСУ кентіне апаратын негізгі жол - Туристический көшесіне жарық тартылмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Семейде көшелерді жарықтандыру жұмыстары жалғасуда
Фото:
В. Ивановтікі

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Байахметов мәлімдеді.

"Көшені жарықтандыру жүйесін жаңғырту" жобасы бойынша мердігер ұйым өкілдерімен кездестім. Қазіргі уақытта 6 көшеде жұмыс бастау үшін жинақтаушылар дайын. Бірінші кезекте, біз Березовский кенті мен РСУ кентіне апаратын негізгі жол Туристический көшесі бойынша жарықтандыру жұмыстарын бастаймыз. Мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жер учаскелері бойынша келісім дайындауды тапсырдым, - деді Бақытжан Кәкенқажыұлы.

Әкімдік мәлімдеген ақпаратқа сүйенсек, жоба бойынша 7 659 шамды (136 көше), 687 тіректі, 2 602 кронштейнді, 130 шақырым сымдарды ауыстыру, 196 дана басқару шкафын орнату жоспарланған. Бүгінгі күні 103 көшеде 5 580 шам орнатылған. Бұл жалпы жалпы қажеттіліктің 73%-ын құрайды. - Сондай-ақ, бұрын хабарлағанымыздай, Everlight компаниясы шығарған 978 шамды орнатумен жобаға қосымша 32 көшені қосу туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта "ОЭСК" АҚ 32 көше бойынша сымдарды тарту, тіректерді орнату бойынша жұмыстарды бастады, - дейді шаһар басшысы. - Сондай-ақ, "Горсвет" ЖШС қызметкерлері "ОЭСК" АҚ бірлесіп тағы 17 көше бойынша комиссиялық тексеру жүргізді. Қала көшелерін жарықтандыру мәселесін ерекше бақылауда ұстаймын.

Следующая →