ШҚО жолдарында жолға шыққан автобустар тексеріледі
Статистика бойынша биыл қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 12 ЖКО орын алып, 10 адам жарақат алды
4-13 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында "Автобус" Республикалық жедел алдын алу шарасы өткізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жол қозғалысын қадағалау кезінде полицейлер жылдамдық режимін, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, мас күйінде автокөлікті басқару, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексеруден өткізу ережелерін сақтауға ерекше назар аударатын болады, - деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Статистика бойынша осы жылдың 9 айында қоғамдық көлік жүргізушілерінің кінәсінен 12 жол-көлік оқиғасы орын алып, 10 адам жарақат алған. ШҚО ЖПҚ жергілікті полиция қызметі басқармасы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады, сондай-ақ автожолдардағы өзара сенімділік туралы еске салады.