"Сұңқар" әскери-патриоттық клубының жастары ҚР Қорғаныс министрінің ынталандыру сыйлығына ие болды
Өскемен гарнизонында "Айбын" республикалық әскери-патриоттық жиынға Шығыс Қазақстан облысынан қатысатын "Сұңқар" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілеріне ҚР Қорғаныс министрінің ынталандыру сыйлықтары табысталды
Іс-шараға Өскемен қаласындағы №29 қосымша білім беретін мектеп орталығының жетекшілері, ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Өскемен қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері қатысты, деп мәлімдеді Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, биыл "Айбын-2021" VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының байқаулары мен жарыстары 6 қазан мен 30 қараша аралығында онлайн форматта өтеді.
Аталған "Айбын-2021" VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан басқа Семей қаласының "Жас Қыран" әскери-патриоттық клубы мен Алтай қаласының "Сұңқар" әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысады.
Айта кетейік, Семей қаласының "Жас Қыран" әскери-патриоттық клубы былтырғы "Айбын" VI республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында республиканың әскери-патриоттық клубтары арасында жалпы командалық бірінші орынды иеленген.
Сонымен қатар, "Айбын-2021" VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушыларға сәттілік тілеп, ҚР Қорғаныс министрінің ынталандыру сыйлықтарын табыстады.Мемлекет басшысының қолдауының арқасында жасөспірімдер назардан тыс қалмауда. Қазіргі таңда бізді өз өмірін армиямен байланыстыруға тырысатын жастардың оң көзқарасы мен ықыласы ерекше қуантады. Біздің облыстың әрбір қаласы мен аудандарынан Отан қорғауға аттанған жастарымыздың қызмет етіп жатқан әскери бөлімдерінен алғыс хаттар жиі келеді, - деп атап өтті подполковник Ерлан Рамазанов.