Өскемен қаласының ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады
1 қазан аяулы ұстаздар күніне орай қала әкімі Жақсылық Омар "Ертіс концерт" залында Өскемен қаласының ардақты ұстаздарың құттықтады
Ұстаз - білім ордасының негізі, олардың қызметі аса жауапты. Себебі тұтас ұлттың болашағы - өскелең ұрпақ ұстаздарға аманат етіп тапсырылады.
Барша жұртты ілім-білімнің құдіретіне жетелейтін ұстаздардың дәстүрлі мерекесі биыл Өскемендегі "Ертіс концерт" залында ерекше салтанатпен өтті.
Қадірлі ұстаздар қауымы, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен, Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп ұстазды ерекше қадір тұтқан. Өз уақытында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ» деген екен. Бұл аталы сөз біз үшін әрқашан басты ұстаным болып қала бермек. Ұстаз - тұтас ұлтты тәрбиелеп, болашағын айқындайтын тұлға. Адами капиталды дамыту, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу - мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі. Осы ретте облыс басшылығының білім беру жүйесін дамытуға ерекше көңіл бөлуі бізге үлкен демеу екені сөзсіз, - деді шаһар басшысы Жақсылық Мұқашұлы.
Шара барысында үздік ұстаздардың еңбектері еленіп, ҚР БҒМ Ыбырай Алтынсарин төсбелгісімен, ҚР БҒМ, ШҚО Білім басқармасының және қала басшысының құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.
Жақсылық Омар қадірлі ұстаздар қауымына өскелең ұрпақты үлкен өмірге дайындаудағы игілікті еңбектері үшін зор алғысын білдірді.
Сіздерге мықты деңсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат, сарқылмас жігер тілейміз. Ұрпағымыз білімді, болашағымыз баянды болсын. Қазіргі пандемияға байланысыты шектеулер болғандықтан шаһардың барлық ұстаздар қауымын бүгінгі мерекелерік кешке шақыра алмадық. Сіздер өз әріптестеріңізге біздің құттықтауларымызды жеткізерсіздер. Сіздердің кәсіби мерекелеріңіз - біздің барлығымыз үшін өте қастерлі мереке. Алдағы уақытта жақсы деңгейде, бұрынғыша атап өтеміз деген ойдамын, - деді Жақсылық Мұқашұлы.