Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайдағы Маңырақ ауылының емханасында күрделі жөндеу жүріп жатыр

Тарбағатай ауданы Маңырақ ауылындағы 40 жыл жөндеу көрмеген дәрігерлік амбулаторияның ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Тарбағатайдағы Маңырақ ауылының емханасында күрделі жөндеу жүріп жатыр
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Жалпы қазіргі таңда ауылдық жерлерде шешімін табуды талап ететін бірқатар мәселелер бар. Мәселен, еліміздегі ауылдардың жартысынан астамында көшелер, білім беру және денсаулық сақтау нысандары жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Сол үшін де елімізде "Ауыл - ел бесігі" жобасы қолға алынды. Жобаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту, ауылдарды тұрақты дамыту. Жоба шеңберінде ауылдық елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешу көзделген.

Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылындағы дәрігерлік амбулатория ғимаратының әбден тозығы жетіп, ағаштары шіріп, электр жабдықтары жиі үзілетін. Биыл бұл нысан "Ауыл - ел бесігі" жобасы бойынша жөндеуге ілікті. Соның арқасында дәрігерлік амбулатория бастан-аяқ толық жаңартылатын болды. Маңырақ ауылы Тарбағатай ауданындағы бірлігі жарасқан елді мекендердің бірі. Мұнда тұртын халық саны 1245-ке жетеді. Бұл жұмыспен мердігер "Лира ЛТД" ЖШС компаниясы айналысып жатыр. Мердігер компанияның басшысы Бағдат Назаровтың айтуынша, амбулаторияның күрделі жөндеу жұмысы ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде басталған. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстары 1 желтоқсанда аяқталуы керек. Бірақ мердігер мекеме құрылысты ауа райы суытып кетпей тұрып, жоспарланған айдан бұрын аяқтаймыз деп отыр. Қазіргі таңда нысанның жарты жұмысы жасалып қойған. Бұл күрделі жөндеу жұмысына республикадан 35 миллион, жергілікті бюджеттен 3 миллион, жалпы жиыны 38 миллион теңге қаражат қарастырылған.

Осы уақытқа дейін дәрігерлік амбулаторияда жылу мен жарық басы ашық мәселе болып келген екен. Ғимараттың терезелерінен жел гулеп, мекеме пана болмай кеткен. Төбесі, іші-сырты, жылу жүйесі, электр жабдықтары бастан-аяқ жаңартылады. Бір сөзбен айтқанда, ғимараттың екінші тынысы ашылады. Сондай-ақ, шатыры жөнделіп, есіктері ауыстырылып, сыртқы қоршаулары қойылуда, - дейді Бағдат Назаров.

Отбасылық амбулаторияның жалпы жөндеу жұмыстарына 18 адам тартылған. Оның ішінде, Маңырақ ауылынан 12 адам жұмыспен қамтылып отыр. Солардың бірі - Мәди Жетпісбаев өз ауылынан жұмыс тапқанына риза.

Мен осы ауылдың тұрғынымын. Бізге де осы құрылыс басынан жұмыс табылғанына қуаныштымын. Жақсы болды, шамалы болса да, тиын-тебен табамыз. Өздеріңіз білетіндей, ауылда жұмыс табу қиын. Отбасын асырауға жететіндей еңбегімізді төлеп отыр. Бір жағынан өзімнің туған жеріме біраз болса да үлесім деп білемін. Адалынан еңбек етіп, отбасымды асырап отырған жайым бар, - дейді Мәди Жетпісбаев.

Ауылдық амбулаторияда 1 дәрігер, 9 қызметкер жұмыс істейді. Өзінің күндізгі стационары бар. Жергілікті тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін мұнда барлық жағдай жасалғанын айтады емхана меңгерушісі.

Заманауи үлгіде қайта жасақталып, күрделі жөндеуден өткен емханамызда тіркеу орны, науқастарды қабылдау, егу, күндізгі стационар, процедуралық кабинеттер және басқа да медициналық қызмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай бұрынғыша өз жұмысын жалғастырады. Емхана қажетті дәрі-дәрмекпен толығымен қамтамасыз етілген. Бізде медициналық мекеменің барынша тиімді жұмыс істеуі үшін бар жағдай жасалған. Сонымен қатар, жергілікті 1200-дей тұрғынға қызмет көрсетеміз. Бұдан басқа, жақын орналасқан Босша ауылының тұрғындарына да көмек көрсетіп отырмыз, - дейді Аяулым Садықова.

Естеріңізге сала кетейік, өткен санда биыл Маңырақ ауылының жолдары жөнделіп жатқанын жазып едік, енді міне емханалары да жөндеу жұмыстарынан өтуде.

Следующая →