Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршімде күз келгенде субұрқақ қайта қосылды

Былтыр күзде Күршім ауылындағы орталық алаңда әуенді жарықтандырылған субұрқақтың ашылу рәсімі өткен болтын

Усть-Каменогорск и ВКО / Күршімде күз келгенде субұрқақ қайта қосылды
Фото:
Күршім ауданы әкімдігінен

Бүгінде әлемнің кез келген қаласынан көше сәніне сән қосып, шырай беріп тұратын субұрқақтарды кездестіруге болады. Бірақ ол субұрқақтардың бәрінің ән айтып, би билей бермейтіні тағы бар.

Былтыр күзде Күршім ауылындағы орталық алаңда әуенді жарықтандырылған субұрқақтың ашылу рәсімі өткен болтын. Шараға аудан әкімі Дулат Қажанов, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен жастар қатысып, елді мекенге ерекше көрік берген субұрқақты тамашалаған болатын. Ауылдың ажарын ашқан бұл нысан жергілікті тұрғындарға ғана емес, аудан қонақтарына да қуаныш сыйлаған. Әсіресе, жастар үшін ауданда осындай демалыс орындарының көп болғаны жақсы.

Бірақ өкінішке қарай, ауыл халқының қуаныштары ұзаққа созылмады. Күршім ауылының Абай алаңындағы ағымдағы жылдың шілде айында субұрқақтың екі бірдей ұңғымалы сорғысы істен шыққан болатын. Соған орай, тұрғындардың өтініші бойынша, тиісті нысанды салған "Central Asia Compani" ЖШС өкілдері 2 жылдық кепілдік аясында жөндеу жұмыстарын жасап, субұрқақ қайтадан іске қосылды. Әкімшілік бөлімі аудан тұрғындарына аталған субұрқақ 3 қазанға дейін жұмыс істеп тұратынын ескертті.

Следующая →