Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Тарбағатайда жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр

Тарбағатай ауданында қос бірдей ауылда жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұған дейін ауданда атқарылып жатқан жол жөндеу жұмыстарында жазған болатынбыз

Усть-Каменогорск и ВКО / Тарбағатайда жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Тарбағатай ауданында қос ауылда көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылып жатыр. Мәселен, Ойшілік ауылдық округіне қарасты Айнабастау елді мекенінде аудан әкімінің тапсырмасымен, "Ауыл - ел бесігі" жобасы аясында жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыспен жеке кәсіпкер Құрмет Хамитов айналысып жатыр.

Жоба шеңберінде 20 миллионды құрайтын 40 ваттық электр шамы 4 көшеге орнатылып жатыр.

Көшелерді жарықтандыру проблемасы белсенді түрде шешілуде. Ауылымызда 300 метр жерде орналасқан блок-модульға электр желісі тартылып, іске қосылып елді мекен халқы таза сумен қамтылып отыр, - дейді Ойшілік ауылдық округінің әкімі Серікқали Ыгиев.

Ал Тұғыл ауылында сол ауылдың тумасы, кәсіпкер қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Қанат Қабдығали өз демеушілігі есебінен Байтоғас елді мекенінің бір көшесіне күннен қуат алатын 10 жарықтандыру бағаналарын орнатып беріп, ел еңсесін көтеруде. Бұл кәсіпкердің туған жерінде атқарып отырған алғашқы игі ісі емес, өткен жылы пандемия уақытында Тұғыл ауылынан аурухананың бір палатасын толығымен вип палата етіп жабдықтап берген. Сондай-ақ, ауылдастарына жүз қап ұн, қант, күріш және де азық-түлік таратқан. Атамекеннің гүлденуіне үлес қосу - әр азаматтың парызы. Тұғыл ауылының шыққан кәсіпкер Қанат Қабдығали өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін іспен дәлелдеуде.

Мен өзім осы ауылда туып- өстім. 1998 жылы бас қаламыз Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аудардым. Десе де туған жерге деген құрметімді ұмытқан емеспін. Әке-шешемнен қалған қара шаңырақ та осында. Ауылыма жасаған игі ісім, туған жерге көрсеткен құрметім деп білемін. Ендігі мақсатым - көше шамдарын қосқаннан кейін, экономикалық тиімділігі дәлелденсе, жоспарда тұрған басқа да ауыл көшелеріне қойып беремін, - дейді Қанат Қабдығали.

Ауыл тұрғындары да өз елінен шыққан азаматқа дән риза. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ дейді.

Ауылымыздан шыққан Қанат бауырыма рахмет. Жыл сайын ауылына көмегін аямай беріп тұрады. Былтыр пандемия кезінде ауылдастарына көп көмегі тиді. Біраз отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткенін де естіп отырмыз. Тіптен ауруханада жұмыс істейтін барлық жұмыскерлерге бірін шектемей, әрқайсысына 20 мың теңгеден бергені есімде. Жақсының жақсылығын айт нұры тассын демекші, жасап жатқан жақсылығын айтуымыз керек. Біраз адамға үлгі болатындай азамат. Енді, міне, түнгі қараңғы жерді жарықтандырып беріп жатқаны - үлкен ерлік. Кешке жақын жүргенде бұл көшелер қараңғы болатын. Биыл жақсы болды, жарық. Бірте-бірте көркейіп келе жатыр ауылымыз, - дейді ауыл тұрғыны Бидаш Қапанова.

Тұғыл ауылдық округіне қарасты Байтоғас елді мекендері бұдан былай түнде де самаладай жарық. Күннен қуат алатын жүйе арқылы 30 шақырым көше бойы жарықтандырылды. Ол үшін 10 бағана орнатылған.

Қазіргі таңда ауыл көшелерін жарықтандыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Дәлірек айтсақ, орнатылып жатқан шамдар күн сәулесінен қуат алатын шам. Бүгінгі таңда оның 10-ы Байтоғас ауылында орнатылса, қалғандарын басқа да шеттегі ауылдарға орнатпақпыз. Күннен қуат алатын көше шамдары ауылдың түнгі келбетін ажарландыруымен қатар, сабақтан кешкі мезгілде қайтатын оқушылардың да қауіпсіздігіне ықпалын тигізеді. Осы тұста жерлесіміздің азаматтығына алғысымды білдіремін, - дейді Тұғыл ауылының әкімі Қанат Свенов.

Следующая →