2000-ға жуық әлеуметтік нысанды қосымша жарақтандыру жоспарланған
Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау аймақтық қоғамдық кеңесі, Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды қолдау жөніндегі кеңес пен білім мен ғылымды дамыту жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті
Үш бірдей Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысының күн тәртібінде Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасындағы нақты бағыттар мен тармақтардың орындалу барысы қаралды. Атап айтқанда, республикалық жол картасының 46,54-тармақтары, 2021 жылға арналған партияның сайлауалды бағдарламасының облыстық Жол картасының 84, 85, 86, 87-тармақтары.
Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының республикалық және облыстық Жол картасын іске асыру мониторингі ерекше бақылауда. Мәселен, 84-тармақты орындау шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау мақсатында жыл сайын облыс бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған объектілердің жалпы санының кемінде 20%-ын бейімдеу жоспарланған. Ағымдағы жылы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қосымша бейімделуді талап ететін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілді. 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін 1936 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін қосымша жарақтандыру жоспарланған, - деді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілі Султанова Айгуль Ораловна.
Жиынға қатысқан тиісті басқармалардың өкілдері 8 ай көлемінде партияның сайлауалды бағдарламасының Жол картасы аясында жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталды.
Отырыс соңында кеңес мүшелері тарапынан сайлауалды бағдарламада берілген уәделердің сапалы орындалуы бойынша жұмыстарға қатысты ұсыныстар да айтылды.