Өскеменде аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жалғасуда
"Менің аулам" бағдарламасы аясында Өскемен қаласында 27 аула абаттандырылуда
"Менің аулам" бағдарламасы Өскемен қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын жарықтандыруды, қоса берілген аумақты абаттандыруды және қажет болған жағдайда көгалдандыруды көздейді.
Бүгінде қалада мыңға жуық аула бар. Олардың көпшілігі шамамен 40 жыл бойы жөнделмеген. Мәселені кешенді шешу және қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметовтің бастамасымен "Менің аулам" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қала басшысы тұрғын үй жағдайын сақтау және жақсарту үшін тұрғындардың басқаруға белсенді қатысуы өте маңызды екенін атап өтті. Облыс әкімі 2021 жылы қайта жаңартуға жататын аулалардың тізімін бекіткен. Бүгінгі таңда Өскеменде "Менің аулам" бағдарламасы аясында аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар Қазақстан, Жастар, Қазыбек би, әл-Фараби көшелері және 25-ші тұрғын ауданы үйлерінің аулаларындағы жасалып жатқан жұмыс барысын тексерді. Жұмыстар асфальт жабындысын жөндеу, кеспе тастардан жасалған тротуарларды жайластыру, балалар мен спорт алаңдарын орнатуды қамтиды.
Қаладағы бірнеше жобаларды тексеріп шықтық. Бұл бірінші кезекте Өскемен қаласын ары қарай дамыту мақсатында жаңадан үй салатын жерлерді анықтау және сол жерге инфоқұрылымдарды өткізу үшін керек, - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар. - Мәселен, қазір екі шағын ауданды белгіледік. Өскемен қаласының бас жоспары бойынша бұл 25, 27-ші шағын аудандар. Бүгін біз 25-ші шағын аудандағы жұмыстармен таныстық. Қазір бұл шағын ауданда 99 үй салынатын жер қарастырып қойдық, бәрінің жоспары жасалған. Ол жерге су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын жылдың сонына дейін аяқтаймыз. Электр тоғын тарту жұмыстарымен жергілікті компания "Кэмонт" АҚ айналысып жатыр. Биыл басалған жұмыс келесі жылы аяқталуы керек.
Келесі жылы 25-ші шағын ауданда 1099 жеке меншік жер үй дайын болатындығын айтады қала әкімі. Ол су мен жарық тартылғаннан кейін ішкі жолдарына кіріспек. Бас жоспарға сәйкес шағын ауданға балабақша мен мектеп те салынбақ.
"Менін аулам" бағдарламасы бойынша аулалардың жұмысын биыл кейбір тосқауларға байланысты кеш бастадық. Бірақ қазір жергілікті компания өзінің жұмысын белсенді жүргізіп жатыр. Міне, жақын 1-1,5 айда біз барлығын толық аятаймыз. Биыл мен айтып жүрген 27 ауланы жөндейміз. Оның бірнешеуін аяқтадық. Қазір барлық осындай белгіленген жерлерде жұмыстар жүргізіліп жатыр, барлығын бақылауға аламыз, - деді қала басшысы Жақсылық Мұқашұлы.
Осы жылы "Менің аулам" жобасына қатысу үшін 27 өтінім қабылданған. Жұмыс процесі тұрғын үйлердің тұрғындарымен және КСК-ның қатысуымен келісім бойынша жүргізіледі. ТК қалалық бөлімінің тапсырысы бойынша мердігер - Өскеменнің компаниясы "Құрылыс групп" ЖШС.