Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Маңырақ ауылында көше жолдары жөнделуде

Ауыл - қазақ елінің жүрегі. Ауыл - қазақтың қасиетті құт мекені, қайнар көз, алтын бесігі. Бүгінде өркениетті ел болып, даму жолын қаладан тапқанымызбен, ауылдың алар орны ерекше

Усть-Каменогорск и ВКО /  Маңырақ ауылында көше жолдары жөнделуде
Фото:
Тарбағатай ауданы әкімдігінен

Осыдан екі жыл бұрын еліміздің Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз Жолдауында ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғырту қажеттілігін айтып, осы мақсатта "Ауыл - ел бесігі" жобасының басталғанын жариялаған еді. "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы жолға қойылғаннан бері еліміздің әр аймағындағы ауылдардың тамырына қан жүгіріп, жаңаша күйге бөленуде. Аталған бағдарлама аясында мыңдаған үйлер салынып, жолдар жөнделді, көшелер жаңартылып, тұрғын үйлер тұрғызылды. Бұл жоба аясындағы жұмыстар жыл сайын емес, күн сайын жүзеге асып жатыр. "Жол азабын жүрген білер" дейді. Әсіресе мұны Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылының тұрғындары жақсы біледі. Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс өресін көтеру үшін қолға алынған "Ауыл - ел бесігі" жобасы Маңырақ ауылында да қарқынды жұмыс істеуде. Аудан басшылығымен өтетін көпшілік жиындарда ауыл халқы осы бір ауыл ішіндегі жолдарға түбегейлі жөндеу өткізіп беруді үнемі басты мәселе ретінде көтеріп жүрген.

Сонымен бағдарлама шеңберінде Маңырақ ауылының Абай және Дәулетбай батыр көшесіне асфальт төсеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жалпы, ауыл арасындағы, ауылдардың ішкі көшелеріндегі жолдар біртіндеп жөнделіп жатыр. Мәселен, 2020 жылы әулие Ырғызбай кесенесінің кіреберісіндегі 5 шақырым, Маңырақ пен Жаңалық елді мекендері арасындағы 10 шақырым, Жаңаауылға кіреберіс 9 шақырым, Ойшілікке кіреберіс 3,2 шақырым, Ақсуат, Ақжар, Тұғыл, Қабанбай ауылдарындағы 17,1 шақырым болатын 9 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары өз ризашылығын білдіріп, жолдың игілігін көріп отыр.

Шыны керек, тез арада көшемізге асфальт төселіп, көліктерге ыңғайлы болады дегенге басында сенген жоқпын. Өйткені әлі көп көшелер бар. Солардың барлығы кезегімен салынатын шығар деп ойладым. Ал техника келіп, жұмысты бастаған кезде де күмән болды. Тек қатқыл табанды жол болады деген. Бірақ шүкір, аудандық әкімдіктің және ауыл әкімдігіндегі азаматтардың арқасында көшеміз әдемі болды, - дейді ауыл тұрғыны Естай Кәжін.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы жалпы Маңырақ ауылы бойынша екі көшеге жаңадан жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Жөндеуден өтетін бұл көшелердің жалпы ұзындығы 300 шақырымды құрайды деп жоспарлануда.

- Өткен жылдан бері аудандағы бірқатар елді мекендердегі ішінара жолдарға құмтас төгіп, тегістеу, қайсыбіріне асфальт төсеу сияқты жұмыстар жүргізілді. Енді, міне, Маңырақ ауылындағы көшелерге бұрын-соңды болмаған жөндеу өткізіліп, асфальт төселді. Биыл әзірге аталмыш жол бағытының 753 шақырымына асфальт төселеді. Бұл жұмысты Қанат Қалелов басшылық ететін "ПМК құрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымы қолға алған. Республикалық бюджет есебінен салынып жатқан жолға биыл 97 миллион теңге қаражат бөлінді, - деді ауыл басшысы Абилхайыр Кожахметов.

Асфальт төсеп жатқан аталған кәсіпорын жұмысты белгіленген кестеге сәйкес жүргізген.

Бүгінде 753 шақырымға асфальт төсеп біттік. Тиісті жұмыстарды осыдан екі ай бұрын бастадық. Ең алдымен жолға асфальт төсеуден бұрын оның астын нығыздап алдық. Сосын барып асфальт құйдық. Жұмыстың мерзімінде аяқталуы ауа райының қолайлылығы мен техникамыздың сақадай сай болуына байланыс- ты. Қазіргі таңда жол жөндеу жұмыстарына кәсіпорындағы 11 бірлік техника жұмылдырылған. Оның ішінде асфальт бетон төсеуіш, су тасушы техника мен жүк таситын камаз көліктері бар, - деді жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Қанат Қалелов.

Ауылдардың дамуы ел экономикасының өркендеп, азаматтардың жұмыспен толықтай қамтылып, халықтың тұрмыс өресінің өсуіне өте үлкен әсер етеді. Бұл әлдеқашан дәлелденген тұжырым. Әсіресе жер аумағы кең, ауылшаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай қалыптасқан Қазақстанда ауылды жерлерді дамытудың қажеттілігі жоғары.

Жалпы 2025 жылға дейін елімізде 5,5 млн-нан астам адам тұратын 1,8 мың ауылдық елді мекен жаңғыртылуы керек деп жоспарланған.

Следующая →