Өскеменде монша кешені өртенді
Өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған пеш Өтепов көшесіндегі ғимараттың өртенуіне әкелді
Өртті сөндіруге құтқару қызметінің 13 адамы мен 3 техникасы тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Құтқарушылардың айтуынша, екі қабатты моншаға жалғасып салынған монша кешенінің бір қабатты ғимаратында бу бөлмесінің 30 шаршы метр аумақтағы ағаш материалдары жанып кеткен.
Моншада жылыту пешін салу және оны пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы, атап айтқанда, пештің мұржасын ағаштан кесіп салу кезінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтамау салдарынан болған, - деп хабарлады Өскемен қаласының төтенше жағдайлар бөлімі.