Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі Назарбаев Зияткерлік мектебінде республикалық Тәуеліздік сағаты өтті

Республика аумағындағы 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тәрбие сағаттары өтті

Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде аталмыш шара "Жасампаздық пен даму жылдары" атауымен ұйымдастырылып, оған оффлайн 24 оқушы, онлайн тікелей шығарылым арқылы 100 NIS және облыстағы 93 орта мектептен 2612 оқушы қатысты. 

Мұндай ауқымды шара Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін бағалау, сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының маңыздылығы арқылы оқушылардың Отанға деген патриоттық сезімін күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Сабақтың құрметті мейманы - облыстық "Жастар" ресурстық орталығының директоры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің жанынан құрылған аппараттық ағартушылық штабының төрайымы, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Арайлым  Есімбекова қатысты.
 
Шара барысында оқушылар Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемдік саясатта ұсынған идеяларын ашатын бейнеролик бойынша пікір алмасты. Онлайн платформа арқылы сұрақ-жауап ойынына қатысты, және 4 топқа бөлініп, жекелей тапсырмалар бойынша жұмыс жасады. Әр топ, ядролық қарудан бас тарту; Еуразиялық экономикалық одақ  және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру идеяларын талдады. 

Сабақтың тағы бір ерекшелігі - оқушылар болашақта Қазақстанды қалай елестетететіндері, оның дамуына қандай үлес қосатындары туралы ойларын айтты. 
Шараның тағы бір қонағы - Тәуелсіздіктің құрдасы, Өскемен қаласы NIS мұғалімі Назерке Жумагазинова тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері, оның өз өміріне ашқан мүмкіндіктері туралы сөз қозғады. 
- Сендер - Тәуелсіз елдің ұрпағысыңдар! Жаңа заманның жастары білімді,  "зияткер ұрпақ" деген атқа лайық бола білуі керек. Осы білімнің арқасында сіздер елімізді әлемге танытып, Қазақстанның жарқын болашағын өз қолдарыңызбен жасайсыздар. Барлық мүмкіндігі бар заманда сіздердің мақсаттарыңыз – сапалы білім алып, зиялы қауым қалыптастыру, - деді Арайлым Керімбекқызы.

Следующая →