Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Күршімдегі Қалжыр өзені неліктен түсін өзгертті?

Күршім ауданының халқы дабыл қағуда. Аудандағы бірнеше елді мекенді жарып ағатын Қалжыр өзені соңғы бірнеше күнде түсініксіз түске боялған

"Асау Қалжыр арынын ашып Марқадан, тентектігін Ертіске кеп тарқатты", деп әнге қосылған Қалжырдың бүгінгі күйі мәз емес. Жер-Ананың көзіндей мөлдіреген Марқакөлден арындап ағатын жалғыз Қалжыр ғана. Марқаны аудандық статусынан айырып, берекесін быж- тыж қылып, шекаралық аймақты жүнін қырыққан қойдай қылумен қоймай, табиғаты да талқандалып жатыр. 

Күршім ауданының халқы дабыл қағуда. Аудандағы бірнеше елді мекенді жарып ағатын Қалжыр өзені соңғы бірнеше күнде түсініксіз түске боялған. Судың лайланғанын байқаған тұрғындар видео-фотоға түсіріп әлеуметтік желіге жариялап жатыр. Өзін Боран ауылының тұрғынымын деп таныстырған видео авторы өзен өткен жексенбіден бастап лайлана бастағанын айтады. Судық түсі өзгеріп, ерекше қоюланып кеткен. Қалжырды жағалай қоныстанған 10 шақты елді мекен осы өзеннен егіні мен малын суарып отыр. Халықтың айтуынша, қазір судың лайланғаны соншалық, тіпті, мал да ішпей қалған. Осы жағдайды нақтылау үшін Күршім аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Армен Карапетяннан мән-жайды білдік.
- Аталған факті бойынша Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округінің әкімшілігі облыстық Табиғи ресурс-тар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Құсайыновтың, Марқакөл кенттік полиция бөлімінің бастығы Набиевтің, сондай-ақ "Марқакөл" орман шаруашылығының директоры- ның атына осы проблеманы шешу бойынша ресми хаттар дайындап, жолдадық. Бұл мәселе жергілікті атқарушы органның бақылауында, - деді Армен Карапетян. 
 Бірнеше құзырлы орган өкілдерінен құралған комиссия өзеннен сынама алып, оны арнайы зертханаға тексеруге жіберген. Күршім ауданы тұрғындары өзенді осы өңірдегі алтын шаятын компаниялар былғап жатыр деген болжам айтады. Жалпы, Қалжыр өзенінің бұлай лас-тануы алғаш емес. Осыдан бір жыл бұрын да болған. Сол кезде облыстағы осы салаға жауапты құзырлы органдар тексеру жүргізгенімен өзеннің неліктен ластағанғанын ашып айтпаған.

Аталмыш мәселеге орай облыс бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары және бас экологиялық мемлекеттік инс-пекторы мәселенің мән-жайын түсіндірді.
- Мамандардың айтуынша, судың түсінің өзгеруінің бірден-бір себебі - оның лайлануында. Былтыр алтын қазушы бір мекеме заңсыз іс-әрекеттер жасаған. Яғни, қазба жұмыстарын жүргізген азаматтар су арнасының бойын ауыр техникамен қазған, соның салдарынан су лайланып жатыр. Қазіргі таңда соны соттың шешімімен қалпына келтіріп, бөгеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Былтыр осындай заңсыз әрекетке барған төрт мекемеге 640 мың теңге айыппұл салынған, - деді Рауан Тұраров.
Экология саласының мамандары су құрамында химиялық заттардың бар-жоғын анықтау үшін өзеннен сынамалар алып, лабораториялық тексерістер жүргізіп жатыр. Тексеріс қортындысы туралы қосымша хабарлауға уәде берді.
Следующая →