ШҚО ХҚКО-лары бес күндік жұмыс кестесіне көшеді
6 қыркүйектен бастап облыс ХҚКО-лары бес күндік жұмыс кестесіне көшеді
Теріс немесе бейтарап мәртебесі бар шығысқазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді кезексіз алуына болады.
Следующая →
- Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай провайдер ретіндегі мәртебесін ескере отырып, дәлірек айтқанда құжаттарды қабылдау және дайын нәтижені беру және мемлекеттік органдардың жұмыс кестесіне тікелей тәуелділік тұрғысынан, сондай-ақ ХҚО ғимараттарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ШҚО бойынша ХҚКО жұмысының бірыңғай кестесін жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі, жексенбі - демалыс күндері енгізу туралы шешім қабылданды, - деп мәлімдеді "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.Бұл ретте қызметті алушылардың ыңғайлылығы үшін Өскемен және Семей қалаларында жұмыс күндері 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесімен бір кезекші бөлімнің жұмысы қамтамасыз етіледі.
- Азаматтарға Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде санитарлық-профилактикалық нормаларды сақтауды, бетперде киюді және әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұраймыз, - деп ескертеді мекеме баспасөз қызметі.