Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласындағы мектептер жаңа оқу жылына дайын ба?

Еліміздегі эпидахуал тұрақталмай, күнделікті құбылып тұр. Карантин талаптары әлі де бәсеңдеген жоқ. Көптің көкейіндегі басты сұрақ - "биылғы оқу жылын оқушылар қалай өткізеді?"

Карантин кезінде оқушылардың калай білім алатыны туралы Өскеменде өткен тамыз конференциясында айтылды. Жиынға қала әкімі Жақсылық Омар мен қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагозова қатысты. Жиын барысында жаңа оқу жылында білім берудің негізгі басымдықтары мен биыл енгізілген жаңашылдықтар талқыланды. Тамыз конференциясы білім беру мәселесін талқылау мен білім беруді модернизациялауға және нұсқаулықтарды әзірлеуге арналған диалог алаңына айналды. 

Жиын басында қала әкімі ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, карантиндік кезеңге орай енгізілген жаңашылдықтар мен өзгерістерге тоқталды. 
- Біз жаңа оқу жылына дайынбыз. Осы жаңа оқу жылына ерекше дайындалдық. Еліміздегі эпидемиялық жағдайға байланысты бізге артылып отырған жүк одан сайын арта түспек. Барлығымыз бірінші кезекте осы жұмыстарды жолға қоюымыз керек, - дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.

Атқарылған жұмыстар мен алға қойған мақсаттар



Пандемия салдарынан өткен оқу жылы онлайн форматында өтті. Оқушылар мен ұстаздар жаңа жұмыс кестесіне бейімделіп үлгерді. Ата-аналар мен ұстаздардың бірлескен күш-жігерінің арқасында білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу процесі үзілген жоқ. Дегенмен онлайн оқудың дәстүрлі форматтан кем тұстары көп. Әсіресе бастауыш сыныптар мен мектеп бітірген түлектерге оңай болмағаны белгілі. Осы олқылықтың орнын толтырып, білімді ұрпақ тәрбиелеу мақсатында еліміз биылғы оқу маусымын дәстүрлі түрде бастауға мәжбүр. 
- Өскеменде білім беру жүйесіне бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. 2021 жылы қаржыландыру сомасы 27 миллиард теңгені құрады, - дейді қалалық білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагозова. - Көпбалалы отбасылардың балаларына мектеп формасын сатып алуға 8 миллион теңге, аяқ киім сатып алуға 57 миллион, оқулық сатып алуға 235 миллион теңге бөлінді. Оқу жылының басында қаланың барлық мектептері 100% оқулықтармен қамтамасыз етілген.
Қалалық білім бөлімінің басшысы мәлімдегендей, бүгінгі күні барлық мектептерде карантиндік шаралар сақталған: кіре берістерге арнайы өткізгіш орнатылып, антисептиктер қойылып, маскалық режим сақталған. Барлық мектепке тек "Ashyq" бағдарламасы арқылы кіру мүмкін. Осы жылы 1-сыныптарға ғана алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылының тағы бір ерекшелігі - "Әліппенің" білім бағдарламасына қайта енгізілуі. 

Бүгінгі таңда қаланың 42 мектебіне 59 миллион теңгеге турникеттер орнатылған. 
- №46, №34 мектептерде және тағы да 6 қосымша білім беру ұйымдарында дабыл тетігі орнатылған. Оған  5 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалыпты. 1 қыркүйектен бастап мектептерде мамандандырылған күзет жұмыс істейтін болады.   Қаланың білім беру мекемелерінің барлығына бейнебақылау камералары  орнатылған. Жалпы қала мектептері бойынша 2181 бейнебақылау камерасы бар, - дейді білім бөлімінің басшысы. 
Цифрлық Қазақстан бағдарламасын іске асыру аясында қала мектептері заманауи модификацияланған жабдықтармен қамтамассыз етіледі.  Оқушылардың білімін жетілдіру, ой өрістерін кеңейту мақсатында табиғи ғылыми цикл кабинеттері жұмыс істейді.  Бұл құзыреттер әзірге пилоттық режимде  Өскемен қаласындағы мектептердің 47 сыныбында жасақталған.  
- 2020-2021 оқу жылында 63 миллион теңге сомасына 6 STEM кабинет орнатылды, - дейді  Сәуле Алагозова. - Қала мектептеріне жаңа модификация кабинетін сатып алуға 2021 жылы 667 миллион теңге бөлінді. 4 миллиард теңгеге 500 ноутбук, 1731 компьютер сатып алынған. Яғни, енді бір компьютерді пайдаланатын оқушылар саны 8-ге дейін қысқарды. Қаланың білім беру жүйесін цифрландыруға бағытталған жоба аясында қаланың барлық мектебі жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған.

Кім қашықтықтан оқиды?



Биыл барлық карантиндік режім талаптарын сақтай отырып, "Ashyq" бағдарламасы арқылы білім беру жүйесі дәстүрлі түрде өтеді. Егер бір сыныптан науқас анықталса, сынып түгелдей карантинге жабылып, онлайн оқу жүйесіне көшіріледі. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін мұғалімдер мен оқушылардың электрондық білім беру ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "Білім медиа тобы" компанияларымен онлайн мектеп білім беру порталын қосуға 26,5 миллион теңге сомасына келісімшарт жасалды. 

1-сыныптар мен 10-сыныпқа қабылдау және басқа мектептен ауысып келген оқушыларді қабылдау енді сандық форматта жүзеге асырылады. 

Бүгінгі күні қалада 101 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оның ішінде 75 балабақша, 26 шағын орталық бар.  Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 24 орталық мемлекеттік тілде, 34 орталық орыс тілінде оқытады.
- Биыл Өскемен қаласында 12533 бала балабақшаға барады. Ал кезекте тұрғандар саны - 8927 бала. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны ұлғайту мақсатында биыл 887 орынға арналған 4 балабақша ашылды. Жыл соңына дейін тағы 4 балабақша ашылады. Жыл сайын балабақшаға баратын бүлдіршіндердің санының артып келе жатқандығы қуантады, - дейді   Сәуле Алагозова.
Қала бойынша 4724 ұстаз бар. Мастерлік ұстаздар саны 20, зерттеуші ұстаздар саны 810, модератор ұстаздар саны 559 . Жоғарғы дәрежедегі мұғалімдер - 859, 1 дәрежедегі мұғалімдер - 513, 2 дәрежедегі мұғалімдер – 497 және 641 мұғалімнің бүгінгі таңда дәрежесі жоқ. Олардың барлығы білімдерін шыңдаған мықты мамандар. Биылғы жылы ұстаздардың қатары 143 жас маманға толықты. Зейнет жасына жеткен  350 мұғалім бар. 

Қалада 12 қазақ, 19 аралас және 17 орыс тілде білім беретін мектеп бар. Өткен жылы бастауыш сыныпқа 1641 оқушы барса, биыл  5038 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Биыл тестілеу нәтижесінде 161 түлек «Алтын белгі» алып, 86 оқушы үздік атанды. Соңғы  3 жыл ішінде "Алтын белгі" алғандар саны 30 оқушыға өсті. Ұлттық біріңғай тестілеу қортындысы бойынша №44, 38, 3, 41, 11, 46, 10, 34, 43, 48, 17 мектептері жоғарғы кореткіш көрсетсе, №5, 8, 32 мектептер төмен нәтиже көрсетіп отыр. 
- Бүгін біздің алдымызда мектептің партасында отырған Zet оқушылары. Zet оқушылары - ертең өзінің сыныптастарымен емес, өзінің құрбыларымен емес, олар ертең өзі таңдаған саласындағы роботтар мен робототехникамен, ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерімен тайталасқа түседі. Сондықтан осы сандық оқушыларды дайындау біз үшін әсіресе мектеп мұғалімдері үшін, заманауи мұғалімдер үшін өте жоғары талаптар қойып отыр. Zet оқушыларын тәрбиелеу үшін мектеп мұғалімдерін қамдау керек, оларды қалай дайындауымыз керек, қандай машыққа үйретуіміз керектігі жайында терең зерттеп жатырмыз. Осы жылға қойып отырған ең маңызды жоспарларымыздың бірі - білім беру ұйымдарының басышылары, яғни, мектеп директорларынан бастап, мектепке дейінгі тәрбие берушілерге дейін және жоғарғы оқу орындарының профессорларына, магистранттарына, колледж, Назарбаев зияткерлік мектеп оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстарын ашу, оқушылрдың функционалдық сауаттылығын дамыту, - деді облысымыздағы үздік мектептердің бірі саналатын Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Кульфарида Райсова.

Следующая →