Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Взводтардың жауынгерлік атыс даярлықтарын тексерді

Аягөз гарнизонының танк әскери бөлімінде жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бөлімшелердің далалық шеберліктерін және үйлесімділігін жетілдіру мақсатында взводтардың жауынгерлік оқ ату даярлығы жүргізілуде

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, ссы жылдың ыстық күн райына қарамастан атыс сабақтары далалық жағдайда жүргізілуде. Тактикалық іс-қимылдармен қаруды шебер қолдану және бөлімшелердің оқ атуын басқару, сонымен қатар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау шаралары басты назарда болады. Жеке құрам бөгде жерде ұрыс қимылдарын жүргізу сынды, өзара іс-қимылды ұйымдастыру, взводтың атысын басқару мәселелерін пысықтайды, сондай-ақ ұрыс машиналарын қозғалыс кезіндегі ату шеберлігін жетілдіреді.
- Танк әскери бөлімінде взводтардың жауынгерлік атыс даярлығы басталды. Мұнда әскери қызметшілер өз іс-қимылдарын штаттық жауынгерлік техникаларда практикалық атыс пен тактикалық дайындық нормативтерін орындап, сонымен қатар сынақтар тапсыратын болады. Барлық сабақтар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтеді. Жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайы жоғары деңгейде. Тамыз айы соңында атыс даярлықтарын қорытындылайтын боламыз, - деді бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Асхат Шайкенов.
  Жауынгерлік атысты қамтамасыз ету үшін жеке құрам штаттық қарулардан оқ атып, жекелеген мақсаттар бойынша жаяу әскердің жауынгерлік БМП машинасына орнатылған зеңбіректерден түнгі және күндізгі уақыттарда нысаналарды көздеп оқ атуды, сондай-ақ нақты жауынгерлік жағдайда дәлдеу тапсырмалары мен нормативтерін орындайды.

Следующая →