ШҚО әкімі: "ядролық орталықтың облыс үшін маңызы зор"
Бұл туралы Даниал Ахметов Курчатовқа сапары кезінде және ел үшін маңызды нысандардың бірін тексеру барысында мәлімдеді
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевпен бірге бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өнеркәсіптік кешенінің базасында жұмыс істейтін Курчатов қаласындағы ҚР Ұлттық ядролық орталығына барды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Ол бұрынғы Семей сынақ полигонының әскери-өнеркәсіптік кешенінің базасында жұмыс істейді.
⠀
Айта кету керек, 29 тамыз күні Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 30 жыл толады. Энергетика министрі осы күнге дейін полигонның ластанған жерлерінде ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заң қабылданатынын хабарлады.
⠀
Сондай-ақ, бүгінгі таңда Ұлттық ядролық орталық мамандары полигон аумағына кешенді радиоэкологиялық зерттеу жүргізу жұмыстарын аяқтағаны белгілі болды.
Следующая →
- Саясаткерлер ИГР зерттеу реакторы кешендерінің және КТМ материалтану токамагының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды ШҚО Баспасөз қызметі. - Содан кейін «Байкал-1» кешенінің ИВГ және КТМ реакторын конверсиялау жөніндегі атқарылған ауқымды жобаның жұмысын қадағалады. МАГАТЭ талаптарына сәйкес бұл жоба отын байытуды 20% деңгейіне дейін төмендетеді.Жұмыстар сәтті аяқталғаннан кейін мамандар реакторды іске қосуға және пайдалануға тапсырады. Қазір ИГР зерттеу реакторы кешенінде ауыр апаттарды модельдейтін эксперименттер жүргізілуде. 30 жылдан астам уақыт ішінде мұнда перспективалы реакторлардың қауіпсіздігін арттыруға қажет бірегей ақпараттар жинақталған.
⠀
- Бейбіт атомды зерттеу еліміз үшін де, ғылым үшін ерекше маңызға ие. Бұдан бөлек, ядролық орталықтың жұмысы біздің аймаққа да оң әсер ететін болады. Сондықтан, әңгіме ҚР Ұлттық ядролық орталық қызметкерлеріне қолайлы жағдайлар жасау қажеттілігі туралы да өрбіді. Біз орталық қызметкерлері мен Курчатов қаласының тұрғындары үшін заманауи дене шынықтыру-сауықтыру орталығын және басқа да әлеуметтік-мәдени нысандар салу мәселесін пысықтап жатырмыз, - деді Даниал Ахметов.⠀