Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Бозанбайда оңалту орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Аймақ басшысы жұмыс бабымен Ұлан ауданының Бозанбай ауылына барды. Ондағы білім ордасы мен аурухана, өзге де әлеуметтік нысандарды аралап, ауылдағы атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап қайтты

Облыс әкімі жарты ғасырдан астам уақыт бұрын ашылса да ауылдағы мектептің жағдайы жақсы екенін атап өтті.
- Мектеп ұжымы оқушылар үшін барлық мүмкіндікті жасаған. Жақсы жабдықталған робототехника сыныбы бар, IT-сыныпта екі оқушыға бір компьютерден келеді. Айта кету керек, облыста орташа көрсеткіш - төрт оқушыға бір компьютерден, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.
Ал ауылдағы мәдениет үйі ғимаратында шығармашылық ұжымдар, кітапхана орналасқан. Бұл нысанға келер жылы жөндеу жүргізу көзделіп отырған көрінеді.
- Ауылдағы аурухана бүгінде 6 елді мекенге қызмет көрсетеді. Ғимараттың ауданы кең, жөндеу жұмыстары жақсы жүргізілген және ыңғайлы жерде орналасқан. Мәселен, Өскеменге жақын болғандықтан, мұнда облыстық оңалту орталығының филиалын ашуға мүмкіндік бар. Мен денсаулық сақтау басқармасының басшысына Сovid-19 дертімен ауы-рып жазылған адамдарды оңалтұға арналған палаталары ыңғайлы, денсаулықты жақсартуға қажет медициналық жабдықтары бар, бәрін қамтитын жобаны дайындауды тапсырдым, - дейді Даниал Кенжетайұлы.
Ауылдағы басты мәселелердің бірі - жол. Ауылдағы төрт көшені жөндеуге және асфальт төсеуге міндетті мердігер компания жол құрылысын кешіктіріп жатыр. Аймақ басшысы аудан әкіміне мәселені шешуге тапсырма берді.
Следующая →