Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +14°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +24°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +26°
$
443.44
+1.86
480.51
+0.51
¥
61.36
+0.17
4.88
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде әскери қызметшіден жалған вакцинация паспорты анықталды

Қазір бұл іске бірінші қалалық аурухананың медицина қызметкерлерінің қатыстығы тексерілуде

ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, олардың нәтижелері бойынша Өскемен гарнизонының әскери қызметшісі жалған вакцинация паспортын жасағандығы туралы факті анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімінде хабарлағандай, жедел-тергеу іс-шараларының қорытындысы бойынша Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі өзінің атына "электрондық үкімет порталында" қалыптастырылған вакцинациялаудың бірегей паспортын жастаып алған.

Қазір Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасының медицина қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде, олар халықты вакцинациялау бойынша модульдік базаға адамдардың өз жұмыс орындары мен басқа да қоғамдық орындарға кедергісіз келуіне негіз болып табылатын жалған мәліметтер енгізді.

- Медицина қызметкерлерінің жалған паспорт беру фактісі бірқатар дәлелдемелермен расталды, оған сәйкес вакцина алған әскери қызметші ауруханаға бармады және жалған егулерді алған кезде қызметтік орнында болды, яғни, жауынгерлік кезекшілікте болды", - деп атап өтті ведомствода. - Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Басқа әскери қызметшілер арасында осындай фактілерді анықтау бойынша тексерулер жүргізілуде.

Әскери-тергеу органдары жалған құжат дайындағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру және оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Следующая →