Өскеменде әскери қызметшіден жалған вакцинация паспорты анықталды
Қазір бұл іске бірінші қалалық аурухананың медицина қызметкерлерінің қатыстығы тексерілуде
ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, олардың нәтижелері бойынша Өскемен гарнизонының әскери қызметшісі жалған вакцинация паспортын жасағандығы туралы факті анықталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемен бөлімінде хабарлағандай, жедел-тергеу іс-шараларының қорытындысы бойынша Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшісі өзінің атына "электрондық үкімет порталында" қалыптастырылған вакцинациялаудың бірегей паспортын жастаып алған.
Қазір Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасының медицина қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде, олар халықты вакцинациялау бойынша модульдік базаға адамдардың өз жұмыс орындары мен басқа да қоғамдық орындарға кедергісіз келуіне негіз болып табылатын жалған мәліметтер енгізді.
Басқа әскери қызметшілер арасында осындай фактілерді анықтау бойынша тексерулер жүргізілуде.
Әскери-тергеу органдары жалған құжат дайындағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру және оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Следующая →

- Медицина қызметкерлерінің жалған паспорт беру фактісі бірқатар дәлелдемелермен расталды, оған сәйкес вакцина алған әскери қызметші ауруханаға бармады және жалған егулерді алған кезде қызметтік орнында болды, яғни, жауынгерлік кезекшілікте болды", - деп атап өтті ведомствода. - Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Басқа әскери қызметшілер арасында осындай фактілерді анықтау бойынша тексерулер жүргізілуде.
Әскери-тергеу органдары жалған құжат дайындағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру және оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.
Тақырыптар:
Подделка паспорта вакцинации Фальсификация документов Усть-Каменогорский отдел Восточного регионального Военно-следственного управления МВД РК