Өскеменде "Серпін" бағдарламасы түлектерінің Мамандар Жәрмеңкесі өтті
Өскемен қаласында алғаш рет "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" - "Серпін-2050" жобасы аясында білім алған түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мамандар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
2014 жылдан бері халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыруды көздейтін "Серпін-2050" - "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" бағдарламасы қарқынды жүргізіліп келе жатқаны айқын.
Өскемен қалалық Жастар ресурстық орталығы ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2014 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде Шығыс Қазақстан облысына 2170 студент келген. Оның ішінде 2020-2021 оқу жылында 324 түлек оқуын тәмәмдаған.
Жұмыс берушілердің назарына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде 2021 жылы педогогика мамандықтары бойынша оқуын аяқтаған 108 түлектің түйіндемелері және әр түлек жайында қысқаша ақпарат ұсынылды.
Следующая →

- Жәрмеңкеге жұмыс беруші ретінде Өскемен қаласының мектептері мен балабақшаларының директорлары, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің өкілдері және аталған бағдарлама бойынша оқуды аяқтаған түлектер қатысты, - дейді Жастар ресурстық орталығының директоры Сырым Қайсарбеков.
Жұмыс берушілердің назарына С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде 2021 жылы педогогика мамандықтары бойынша оқуын аяқтаған 108 түлектің түйіндемелері және әр түлек жайында қысқаша ақпарат ұсынылды.
- Бұл бағдарлама Өскемен қаласы үшін маңызды. Ал мамандар жәрмеңкесінің мақсаты - осы жоба аясында оқуын аяқтаған түлектерді жұмысқа орналастыру. "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" - "Серпін-2050" жобасы аясында Өскемен қаласының білім ордаларында білім алып жатқан студенттер және түлектермен жұмысты жүйелендіру үшін кешенді жоспар жоспар құрылады, - деп атап өтті Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Жакупов.