Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жалған вакцинация паспорттарын сатқан ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері вакцинация паспорттарын заңсыз дайындау және өткізу фактілеріне мониторинг жүргізуді және оларға дереу әрекет етуді жалғастыруда

Егер өткен аптада, бұрын хабарланғандай, Семей қаласында медициналық паспорттарды сату схемасын ұйымдастырған екі медицина қызметкері ұсталса, бұл жолы Глубокое ауданының тұрғыны полицияның назарына ілікті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, құқық қорғау органдары бұған дейін бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған 43 жастағы ер адамның азаматтарға вакцинация паспорттарын беру бойынша қызмет көрсету арқылы алдап қосымша ақша тапқандығын анықтады.

Короновирустық инфекцияға қарсы вакцина алғысы келмейтін және жосықсыз азаматтар ер адамның шотына 5000 теңгеден және жеке басын куәландыратын құжаттарының фотосуреттерін аударды. Өз кезегінде қаскүнем арнайы компьютерлік қосымшаның және фотошоптың көмегімен жалған вакцинация паспорттарын жасап, оларға осы адамдардың фотосуреттерін қойған.

- Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 385-бабы "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" және 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жалған вакцинация паспорттарын алу үшін жүгінген барлық азаматтар анықталып, жауап алынады, - деді ШҚО Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Мекеме сондай-ақ, мұндай жалған вакцинация паспорттары олардың иелеріне "Аѕһуg" бағдарламасы аясында тиісті құқықтар бермейтінін атап өтті.
Следующая →