ШҚО шекарашылары ең мерген жауынгерлерді анықтады
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасында "Үздік мерген" атағына жарыс өтті
Жарысқа шекара бөлімшелерінің барлық штаттық снайперлері және арнайы мақсаттағы ұтқыр іс-қимылдар тобының жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Үш күн бойы далалық атыс алаңында жарысқа қатысушылар арасында қызу күрес болды. Драгунов мерген мылтығынан (СВД) оқу-жаттығу атыстарын орындаудан басқа, шекарашылар 10 шақырымға қару-жарақпен марш жасады. Мергендер сонымен қатар жергілікті жағдайды қолдана отырып, өздерінің дағдылары мен маскировкаларын көрсетті. Ең жақсы болу үшін жарыстың жеңімпаздарына максималды жылдамдық, физикалық төзімділік және атысты орындау кезінде дәлдік қажет болды. Айта кету керек, әскери қызметшілердің әрқайсысы жоғары деңгейді, ерік-жігер мен жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Дегенмен, нәтижелер үздіктерді анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша І орынды "Жаңаталап" шекара бөлімшесінің барлаушы-атқышы қатардағы жауынгер Шыңғыс Құрманқожин, ІІ орынды арнайы мақсаттағы мобильді іс-қимылдар тобының аға барлаушы-атқышы сержант Нұрбол Төлегенов және ІІІ орынды ГМДСН аға барлаушы-атқышы сержант Манатбек Сванқұлов жеңіп алды.
Жарыс жүлдегерлері Зайсан ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы подполковник Ренат Сетвалдиевтің атынан грамоталармен марапатталды. Ол үздік мергендердің құрама командаға қосылатынын, олар даярлықтан өтіп, бүкіл ведомствоның мергендері арасындағы жарыста ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің намысы үшін күресетінін хабарлады. Демек, шығысқазақстандық шекарашылар үшін басты жеңіс әлі алда.
Следующая →