Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +20°
$
481.84
531.33
¥
68.66
5.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

1 қазанда Өскемен әуежайы ашылады

ШҚО әкімі мәлімдегендей, облыс орталығының әуе айлағын реконструкциялау жұмысы белгіленген кестеден бұрын атқарылып жатыр

Өскемен әуе айлағын реконструкциялау жұмыстары аяқталып қалды. Жақын арада мұнда жарық-дабыл жабдығы орнатылады және техникалық қызметтердің бір бөлігі орналасатын ғимарат салынады.

Әуежайды жаңғырту барысында ескі ұшу-қону жолағына жаңа әрі заманауи жабын төселді. Сонымен қатар, оның ұзындығы 2800 метрге, ені 60 метрге дейін кеңейтілді. Жаңа ұшу-қону жолағы әлемдік стандарттарға сәйкес келеді және жоғары кластағы ұшақтарды қабылдауға, бағыттар санын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазір ШҚО-на әуежайларды сертификаттайтын арнайы комиссия да келді. Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитеті мамандарының басшылығымен әуежайдың ұшу-қону жолағы арнайы тесттен өткізіледі.

Аймақ басшысының айтуынша, Өскемен әуежайы соңғы рет 1996 жылы жөнделген. Сондықтан, жаңартатын уақыт жеткен.

- Биыл 1-қазанда облыс орталығының әуежайы жұмысын қайта бастайды, - деді Даниал Ахметов.

Айта кету керек, әкім ұшып келетін жолаушыларға ыңғайлы болу үшін әуежай ғимаратын қайта жаңғырту жобасы бойынша құжаттама дайындауды тапсырды.
Следующая →