Өскемен полицейлері түнде жүретін балаларға назар аударады
Сондай-ақ, тәртіп сақшылары бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жасаған қылмыстарды ашумен айналысады
10-20 тамыз аралығында Өскемен қаласының аумағында полиция қызметкерлері екі жедел-профилактикалық іс-шара өткізеді: "Жасөспірім" және "Подучетник", деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Жасөспірім" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың шоғырлану орындарын, сауда-ойын-сауық орталықтарын, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға спирттік ішімдіктерді сату тұрғысынан сауда нүктелерін тексереді. ІІО профилактикалық есебінде тұрған тұрмысы нашар отбасылар тексерілетін болады.
"Подучетник" жедел алдын алу іс-шараларының міндеті - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар жасаған қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу. Сондай-ақ, полицейлер отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасаған және айналасындағыларға қауіп төндіретін алкоголизммен немесе нашақорлықпен ауыратындарды тексереді.
Следующая →

- Құрметті қала тұрғындары! Егер сізге өмірде қиын жағдайда жүрген балалар, тұрмысы қолайсыз отбасылар, балаларға қатысты немесе олардың қатысуымен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы белгілі болса, мұндай фактілер туралы полицияға хабарлауды сұраймыз, - деп түсіндірді Өскемен қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Орал Рыспаев.