Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-дағы білімді имамдар саны 78%-ға жетті

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері әр экономикалық, өндірістік сала өзінше дамып өзгеруде. Бұл қатарда діни бірлестіктер де бар. Соңғы 30 жылда ислам діні де гүлденді, заманынан қалыспай түрленді

Қазақ халқы 70 жыл Кеңестік биліктің бодауында болды. Бұл тұстағы коммунистік партияның манифестінде жеке меншік ұғымға шек қойылды, мұраға қалдыру жойылды, ұлт, дін, отбасы деген түсінікті жою көзделген еді. Мұндағы отбасының жойылуында, баланы ата-анасы емес, қоғам тәрбиелейді деген тұжырым, ал дін тұрғысында «дін саған ешнәрсе берген жоқ, ал партия саған барлық мүмкіндіктерді берді» деген ұран сөздерді қолданды. Осы тұста ата-бабамыз өзінің дінін жасыруға тырысты. Сол жылдары қазақ халқы шапанын аударып киіп, дінін ішінде ұстады. Сол кездегі ислам ата-апаларымыздың жүргінде, іс-әрекетінде, сөзінде, ұрпағына берген қазақы тәлім-тәрбиесінде болды. Тәуелсіздік алынып, шекаралардың ашылуы ислам дінінің таза қалпында көтерілуіне ғана емес, діннің басқа идеологиялармен араласып дамуына мүмкіндік беріп, түрлі өзгерістер әкелді.

Алғашқы қадамдар



Жалпы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 1990 жылы құрылды. Тәуелсіздік туы желбірей бастаған кезеңде ислам діні де қайта жаңғырып, ел аумағында мешіттер салына бастады. 
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылған кезде алғаш рет Рәтбек қажы мүфти, Әбсаттар қажы Дербісәлі мүфти болған кезде мешіттердің құжаттары реттеліп, имамадардың бұйрықтануы, олардың арнайы аттестациядан өту мәселелері қолға алынды. Өзіміздің жерлесіміз Ержан қажы Малғажыұлы кезінде шетелдермен байланыс орнатылды. Яғни, Түркияның Хасеки академиясымен, "Әл-Асқар" Мысыр  университетімен байланыс орнатылып, біздің имамдар  сол елдерге барып, білімдерін жетілдірді. Серікбай қажы Хазіреттің тұсында мешіттер қайта тіркеуден өтіп, мешіттер облыстық, аудандық, қалалық деп дәрежелер ала бастады. Қазір Наурызбай қажы Тағанұлы имамдарымыздың рухани деңгейде жетілуі үшін үлкен жұмыстар істеп жатыр, - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы өкілдігінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы. - Алғашқы жылдары мешітте сапалы білім бере алатын, уағыздар айта алатын діни кадрлардың жоқтығы бірден білінді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев және Египет республикасы президентінің арасындағы келісімнің аясында 2003 жылы Алматы қаласында Нұр-Мүбәрак университеті ашылып, діни кадрлар дайындаумен айналыса бастады.

Имамдардың білімі артты 



1997 жылы облысымызда 12 мешіт қана болған, қазіргі таңда  297 мешіт, оның ішінде Өскемен аймағы бойынша 101 мешіт бар. Өскемен қаласындағы ең алғашқы мешіт 1997 жылы ашылды. Бұл қазіргі Өскемен қалалық орталық мешіті. Мешіттің ғимараты мәдени-ескерткіштер қатарында, себебі ғимарттың тарихи тамыры тереңде. Бір кездері бұл ғимарат медициналық колледждің оқу корпусы болды, кинотеарт да болған. 2000 жылы Өскемен қаласында Мухамади мешіті бой көтереді,  кейін Защита орталық мешіті, Кунт қажы мешіті, ал 2012 жылы Халифа Алтай мешіті ашылды.  


Фото автордікі (3).jpeg
Берік Кәдірұлы

- Сапалық тұрғыдан қарағанда 2015 жылы жоғары білімді имамдарымыздың саны 37%-ды құраған. Қазіргі таңда олардың саны 78%-ға жетті. Мысалы, Халифа Алтай мешітінде 2 PhD докторы, 5 ғылым кандидаты, өңір бойынша 7 ғылым кандидаты бар және жоғары, орта білімді мамандарымыз бар, - дейді Берік Кәдірұлы. - Имамдарымыздың білім сапасын көтеру Ермек қажы Тасболатұлының басшылығымен жүзеге асты. Ол "Нұр-Мүбәрак" Ислам Египет Универститетінме келісімшарт жасасып, біздің имамдарымызды сол жаққа оқуға жіберді.
Дін саласындағы мамандардың білімі мен біліктілігін арттыруға облыс басшылығы да қолдау көрсеткен. 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен Абай атындағы педагогикалық-гуманитарлық колледжінде "Исламтану және ислам" курсы бойынша мамандарды оқыта бастады. 2020 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық университетінде "Дінтану және философия" мамандығы ашылды. 
- 2016 жылға дейін ауылдық жерлерде имамдар тапшылығы немесе олардың халыққа бере алатын білімдерінің аздығы байқалатын. Сол жылы облыс басшысы Даниал Кенжетайұлының қолдауымен Дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесе отырып, 162 имам білімін жетілдірді. Оларға "Нұр-Мүбәрак" Ислам Египет Универститетінің жоғары білімді теолог мамандары сабақ жүргізді, сонымен қатар   Д. Серікбаев, С. Аманжолов атындағы университеттер мен ҚАЕУ мамандары заң, тарих тақырыптары аясында курстар өткізді, - деп қосты Берік Кәдірұлы.

 

Мешіттер неге жабылады?



Қазіргі уақытта уақытта өңірде тұрғындар саны азайып жатқан мешіттерді намазханаға айналдыру жобасы жүргізіліп жатыр. 
- Ол мешіттердің салығын төлеу, ол жерде имам ұстап отыру қиындықтар туғызады. Сондықтан біз осындай шараларға баруға мәжбүрміз. Көптеген жерде қирап қалған мешіттер бар. Сол мешіттерді салған адамдармен сөйлесіп, мешітті қалпына келтіруге қол ұшын созуды ұсынудамыз. Егер олар келіспеген жағдайда, жергілікті әкімшілікпен келісе отырып, сол мешіттерді құлатып, мешіт тұрған жерлерді үкіметке қайтарып, мемлекет игіліне пайдалануға жағдай жасап жатырмыз, - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы өкілдігінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы. 
Осылайша Өскемен өңіріндегі 101 мешіттің 15-і намазханаға айналады немесе мүлдем жойылады. Мұндай мешіттер Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Көкпекті аудандарда көп. 
- Мұндай шараларды халық дұрыс түсінсе дейміз. "Отыз жылда ел жаңа, елу жылда қазан" дегендей, бұл ордаларымызда міндетті түрде кітапхана, мешіттің сыртында жылы дәретханалар, имамдардың сол жерде тұратын үйлері, мешіттерді қамтамасыз етіп отыратын қатымханалары болуы керек. Осы талаптардың ішіндегі ең бастысы - халыққа толыққанды қызмет ете алатын, адамға ислами білім бере алатын орталыққа айналуы керек, - деп қосты  Өскемен аймағы өкілдігінің іс басқарушысы.

Мешіттер халыққа ашық



Көпшілік үшін мешітке жасалып жатқан қайырымдықтар жасырын көрінуі мүмкін. Алайда мешіт мамандары халық алдындағы ашықтықтарын көрсету, өз жұмыстарын жүйелеу мақсатында қазір жаңа компьютерлік бағдарламаламен жұмыс істей бастады. Бұл адамдарға өзінің жасаған садақасының, қайырымдылыққа берілген қаржының қайда жұмсалып жатқанын тексеруге мүмкіндік береді. 
-  Ең үлкен жетістігіміз, облысымыздың бас имамы Ермек қажы Тасболатұлының бастамасымен барлық мешіттер "1С" бағдарламасына ауысты. Соның арқасында біз мешіттің қаржы бағдарламасын бақылай аламыз, кез келен ауылдағы мешіттің кірісі мен шығысын көре аламыз, - деп түсіндірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы өкілдігінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы. - Бізге ақашалай түскен де, азық-түлікпен берілген қайырымдылықтардың барлығы вертуалды қоймамызда тіркеліп, реттеліп, кімге таратылғанына дейін көрсетіледі.
Қазіргі уақытта қаржылық ашықтықты көрсету мақсатында  барлық мешіттің есеп шоты бар.  Садақа, пітір-садақа, демеушілік көмек, зекеттің барлығын қазіргі уақытта интернет банкинг арқылы төлеуге болады. Бұл мешіт қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп отыр. Себебі садақа салынған жәшікті ашып, ақшасын санап, оны банк шотына аударудың өзі бір-екі күндік жұмыс екен.

Мешіт ақылы көмек берген адам да, көмек алған адам да кұжаттарға қол қойып, мешіттің әр кірісі мен шығыстары заңдастырылып отырады. 
Следующая →