Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +21°
$
445.66
-0.83
474.58
-0.80
¥
61.53
-0.13
4.78
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да жайылымдық жерлерге тексеру жүргізілуде

Бүгінгі таңда елімізде сүт және ет өндірісі бойынша облыс алдыңғы қатарда. Айта кетерлігі, қазір Шығыс Қазақстанда шикізат алып қана қоймай, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеумен де айналысад

Әрине, мал шаруашылығын дамыту және асыл тұқымды мал басын көбейту үшін жайылымдар мен бордақылау алаңдары қажет. Облыстық мәслихаттың 7 сессиясында облыс әкімі Даниал Ахметов айтып өткендей, қазір бұл мақсатта пайдаланылмай жатқан жерлерге егжей-тегжейлі және жоспарлы талдау жүргізіліп жатыр. Кейін олар қайтарылып алынып, жайылымдарға мұқтаж шаруа қожалықтарына берілмек. Ал кейбір кәсіпкерлердің өздеріне берілген жерлерді мақсаты бойынша пайдаланбағандықтан өз еркімен қайтарып отырғаны қуантып отыр.

Сонымен қатар, өсімдік шаруашылығын одан әрі дамыту үшін майлы дақылдар, сондай-ақ рапс, соя және жүгері өндірісін ұлғайту бағытында егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Екі май шығаратын зауыттың құрылысы қайта өңдеу мәселесін шешпек. Шаруалар күнбағысты қайда тапсырамын деп алаңдамайды, өйткені бұл өнімнің өз клиенттері бар. Жақын арада майдың басқа да түрлерін өндіру қолға алынбақ.
Следующая →