Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөз гарнизонының әскери бөлімдері жас кадрлармен толықты

Аягөз гарнизонының әскери бөлімдері жоғарғы әскери оқу орындарын және әскери кафедраларды, сондай-ақ колледж бітірген мамандармен толықты

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдегендей, 2021 жылдың жазында әскери оқу орындарын бітірген жас офицерлер мен сержанттар ресми түрде  Қарулы Күштердегі қызмет жолына кіріседі. Қазіргі таңда жас мамандардың  жеке құраммен танысып, қызмет үдерісіне кіру кезеңіне әскери бөлімдердің тәжірибелі офицерлер мен кәсіби сержанттары тәлімгерлік етіп, таныстыруда. Жаңа ұжымға қосылуға, әскери бөлімнің қызметін зерттеуге бөлім командирлері көмектесетін болады.

Биылғы жылы еліміздің әскер қатарын әдеттегідей Қарулы Күштер үшін офицерлік кадрлардың негізгі ұстаханасы болып табылатын қазақстандық әскери жоғары оқу орындары мен Щучинск қаласындағы кәсіби сержанттарды оқытатын әскери колледжі түлектері толықтырғанын атап өткен жөн. 
- Мен офицер атанып, Қазақстан әскерінің офицерлерімен бір қатарда тұратын сәтті көп күттім. Ел игілігі жолында абыроймен қызмет етуге тырысамын, - деді Құрлық әскерлері Әскери институтының түлегі медицина лейтенанты Нұржан  Октябрь.
Басым көпшілігі Құрлық әскерлері Әскери институтының түлектері және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтын бітірген жас лейтенанттар қазіргі уақытта Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдер мен құрамалардағы әскери қызметіне кіріседі. 
Следующая →