Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +34°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +31°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +23°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +26°
  • Шымкент
    +27°
$
450.79
-0.59
482.21
-5.01
¥
62.14
-0.10
5.05
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен қаласының ҚТҚ полигонында биыл 7 өрт фактісі тіркелген

2021 жылғы 26 шілдеде экология департаментіне ағымдағы жылғы 25 сәуір мен 13 мамыр аралығында Өскемен қаласының ҚТҚ полигонында болған өрттердің 7 фактісі бойынша материалдар келіп түскен

Олар процессуалдық шешім қабылдау үшін Ертіс және Үлбі полиция бөлімдерінде болды және әлеуметтік желілерде "жоғалған" ретінде талқыланды, деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Аталған материалдар бойынша экология департаментінің инспекторлары әкімшілік іс қозғап, оларды қарау барысында "ӨскменСпецКоммунтранс" ЖШС полигонның бетін инертті материалдармен тығыздау жөнінде жүйелі түрде шаралар қабылдамайтындығы анықталды, бұл өрттердің туындауына әкеп соқтырады, осылайша:

  • 2021 жылғы 25 сәуірде жану алаңы 200 шаршы метрді құрады;
  • 2021 жылғы 26 сәуірде жану алаңы 1 Га құрады;
  • 2021 жылғы 30 Сәуірде жану алаңы 200 шаршы метрді құрады;
  • 2021 жылғы 1 мамырда жану алаңы 10 шаршы метрді құрады.;
  • 2021 жылғы 5 мамырда жану алаңы 30 шаршы метрді құрады.;
  • 2021 жылғы 6 мамырда жану алаңы 1 Га құрады;
  • 2021 жылғы 13 мамырда жану алаңы 200 шаршы метрді құрады.

ҚТҚ полигонын пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуына жол бергені үшін "ӨскменСпецКоммунтранс"ЖШС-не ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 344-бабы бойынша жалпы сомасы 306 285 теңгеге (қысқартылған өндіріс тәртібінде) 7 айыппұл салынды.

Ағымдағы жылдың 18 шілдесінде орын алған және қоғамдық резонанс тудырған полигонның жану фактісі бойынша Өскемен қаласының прокуратурасы Экология департаментіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізді, оны орындау үшін 9 тамыздан бастап "ӨскменСпецКоммунтранс" ЖШС қатысты жоспардан тыс тексеру ашылатын болады.

Тексеру нәтижелері бойынша бұрын берілген нұсқамаларды орындау және полигонды одан әрі пайдалануға жол беру бойынша тиісті баға берілетін болады. Жұмыс нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Следующая →