Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Демалыс күндері Өскемен мен Семейде қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

Бүгінде Шығыс Қазақстан "қызыл" аймақта орналасқан. Коронавирус ауруының күрт өсуі Семей мен Өскеменде байқалады. Осыған орай, демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады

Бұл туралы бүгін брифингте ШҚО санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиев мәлімдеді. Ол бұған дейін қоғамдық көлік барлық күндері жұмыс істегенін, ал демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін, сондай-ақ сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін қызмет еткенін атап өтті.

Алайда, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды және соңғы тәулікте Семейде коронавируспен ауырғандардың 140-ы, ал Өскеменде-111-і анықталғанын ескере отырып, алдағы және келесі демалыс күндері қалалар мен елді мекендер ішіндегі қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

– Мұндай тапсырма инфекцияның таралуын азайту және жағдайды тұрақтандыру үшін ведомствоаралық комиссияның отырысында берілді, - деп атап өтті Қанат Тұрдиев.

Мұндай шаралар қалалардағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанға дейін сақталады.

Біздің мемлекетіміздің  ең қымбат қазынасы  адам және оның өмірі! Ал әлемді әбігерге салған қатерлі індеттің вирусы  әлі біздің ортамызда, бізбен бірге өмір сүруін жалғастыруда.

Өкінішке орай, адамдардың өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне әлі де жауапкершілік танытпауда. Сол себепті де карантиндік шектеулер күшейтіліп, мемлекет  өз азаматтарын аман сақтап қалудың түрлі амалдарын қарастыруда. Індет жұқтырғандардың азаймай отырған негізгі себебі  адамдардың ауыл-қалалар арасында тым  көп қатынауы.
Следующая →