ШҚО-да КВИ жұқтырған науқастарының саны күрт өсуде
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстанда, сондай-ақ республиканың барлық аумағында эпидемиологиялық жағдай ауыр. Бүгінде облыс "қызыл" аймақта
Брифинг барысында ШҚО бас санитарлық дәрігері Қанат Тұрдиев пандемия басталғаннан бері облыста коронавирустың 34 мың жағдайы тіркелгендігін айтып берді. Тек өткен тәулікте 280-нен астам жағдай анықталған. Бұл ретте, жағдайдың күрт төмендеуі Семей мен Өскеменде байқалады. Облыс орталығында бір тәулік ішінде 111 адам ауырса, ал Семейде – 140 адам тіркелген.
Бірақ инфекцияның таралуының жаңа толқынына қарамастан, облыстың медициналық мекемелері толығымен дайын. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ермек Омарбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, өңірде инфекциялық стационарларда төрт мыңнан астам төсек орны бар. Онда қазір 900-ге жуық адам емделуде. Сондай-ақ, 350-ден астам реанимациялық төсек-орын қамтылған. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 76 науқас ем алуда. Жалпы, облыстың төсек қоры 21 пайызға толған. Сондықтан жағдай бақылауда деп айтуға болады.
Следующая →

- Облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен күн сайын өңірлік штаб отырысы өтіп, онда облыстағы эпидемиологиялық жағдайды талқылаймыз. Біздің ауруханалар қажетті жабдықтармен толық жабдықталған. Бізде рентген, ӨЖЖ, оттегі концентраторлары, компьютерлік томографтар бар. Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдарының қоры жеткілікті, - деп атап өтті Ермек Омарбеков.