Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Қорғаныс министірлігінің өкілдері Аягөз өңіріндегі ардагерлермен кездесті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері Аягөз қаласындағы Қазақстан Қарулы Күштері, Ауған соғысы және Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан ардагерлермен жүздесті

Қорғаныс ведомствасының басшылығы Қарулы Күштер ардагерлерімен жүйелі жұмыс жүргізуді бүгінгі таңда басты назарда ұстауда, деп мәлімдеді Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі.

Бұрынғы әскери қызметшілердің әскери тәжірибелері мол, сондықтан олардың әскер мүддесі үшін септігі тиері анық. Жас буынның кеудесіне болашақта тәрбиемен патриоттық рух қалыптастыратын бұл бастаманың берері мол, болашағы айқын. Осындай мақсатты істі жүзеге асыруға Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің офицерлері Аягөз гарнизонының  әскери бөлімдері мен мекемелерінде жұмыс жүргізіп, Қарулы Күштердің және жергілікті қақтығыстарға қатысқан ардагерлермен, әскери зейнеткерлермен кездесті. 

Кездесу барысында ардагерлердің бай тәжірибесі өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беретіні жайында және қолданыстағы заңнаманы жетілдірумен Қарулы Күштерді дамытудың басқа да бағыттары сөз етілді.  Шараға жиналған көргені көп ардагерлер мен зейнеткерлер  көзқарастары мен ойларын ортаға салып, сан түрлі пікірлерін жеткізді.  Жүздесу барысында ақпараттық топ қарапайым халықтың ортасында жүрген Қарулы Күштер мен Ауған соғысы және Тәжік-Ауған қақтығысына қатысқан азаматтардың әлеуметтік жағдайларымен танысып,  жауапсыз қалған сауалдарын тыңдап, тиісті шешімін табу жолдарын қарастыратындықтарын айтты. 
- Ардагерлер ұйымдары еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейді және әскери бөлімдер мен мекемелермен тығыз ынтымақтастықта. Олар тәлімгерлер, тәжірибелі әскери қызметшілерге өз білімдерін беретін дана кеңесшілер. Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер және оқшау соғыстарға қатысушылар офицерлер мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің жас буынымен "Ерлік сабақтарын" өткізеді, -  деді Ауған соғысының ардагері Рымбек Бейсеков.
Аталмыш кездесу соңында Қарулы Күштердің тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті бастығының орынбасары полковник Ермиян Бятов ардагер ағалардың бірқатарына арнайы әзірлеген алғыс хаттарын табыстап, ақпараттық-түсіндіру тобының шығармашылық ұжымы әзірлеген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған концерттік бағдарламаны көруге шақырды.
Следующая →