Өскемен
ясно
-18°
  • Өскемен
    -18°
  • Алматы
    -7°
  • Астана
    -9°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +3°
  • Орал
    -4°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -10°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -12°
  • Тараз
    -2°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +2°
$
515.25
+0.32
535.91
-0.13
¥
70.6
+0.05
5.18
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде екпе салу мәселесі қызу талқыға түсті

Бүгінгі таңда жүз мыңнан астам қала тұрғыны екпенің бірінші кезеңін алып үлгерген, ал қырық бес мыңнан астам өскемендік екінші екпені салдырып алған


COVID- ке қарсы екпе салдырғандардан тек 25 адам ғана жеңіл ауырып, қайта жазылған.

Алайда қала тұрғындарының көбі "денсаулыққа байланысты екпе алуға болмайды" деген дәрігер қағазын алу қиындап кеткенін айтып шағымдануда. 13 шілде күні өткен баспасөз жиынында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қандай кісілердің екпе салдырмауына болатынын айтылды.

Өскемендегі "Ана мен бала орталығының" эпидемиолог дәрігері Иван Мещеряковтың айтуынша, кімнің қандай созылмалы ауруы немесе ауруға қарсы белгілері болса да, соңғы шешімді әр адамның жеке терапевт дәрігері шешеді.

Ал енді, вакцина алмауға болады деген рұқсат қағазы бар кісілер апта сайын ПТР-сынама тапсыру керек пе деген сауалға қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бастығы Маратбек Сайболатов жауап берді.

- Дәрігерден рұқсат қағаз алып екпе салдырмаған адамның әр жұма сайын ПТР-тест тапсыруы міндеті емес. Әйтпесе, екпе алғандар да, салмағандар да індетті жұқтыруы, онымен ауыруы мүмкін. Бірақ, вакцина салдырған адам жеңіл өткереді. Иммунитеті мықты болса, мүлдем ауырмайды, - деді Маратбек Сайболатов.

Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі бастығының пікірінше, 13 шілде күнгі есеп бойынша, 100 мыңнан астам өскемендік екпенің бірінші компонентін алған. Ал 45 мың тұрғын екінші компонентін де салдғызып үлгерген.

Сонымен қатар, қазіргі таңда шығыс өңірінде тек қана "Спутник V" вакцинасы қалған. Бұған дейін болған екпенің басқа түрлері таусылған. Сондықтан, вацина аламын деген адам енді екпенің басқа түрлерін таңдай алмайды. Немесе жаңадан келгенше тосу керек.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Вакцина COVID