Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +4°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +6°
  • Қарағанды
    +5°
  • Көкшетау
    +5°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +14°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +3°
  • Тараз
    +15°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +17°
$
449.58
-0.49
486.94
-1.57
¥
62.22
-0.13
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңа тұрғын үй кілттері табысталды

Орман өртінен зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы Үкімет белгілеген мерзімнен бұрын аяқталды

Еске сала кетейік, көктемде Риддерде жалпы ауданы 290 гектарды шарпыған өрт болып, соның салдарынан 272 гектар орман мен 30-дан астам тұрғын үй жанып кетті, , деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі жұмысты жеке бақылауына алды. Ал, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов "Ботаника" ауданынан зардап шеккендерге арналған бір қабатты 30 үй және жергілікті көпбалалы отбасылар үшін тағы 2 үй салуды тапсырды.

- 24 мамыр күні ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин өрттен зардап шеккендермен кездескен болатын. Сол кезде ол үйлердің құрылысын 15 тамызға дейін аяқтауды тапсырып еді. Бірақ, жүргізілген қарқынды жұмыстың нәтижесінде құрылыс мерзімнен бұрын аяқталды. Сонымен қатар, барлық жаңадан қоныстанушыларға алдын ала орнатылған ас үй жиһазы сыйлық ретінде берілді, - деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Облыс әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов өрттен зардап шеккен 11 отбасы мен көпбалалы бір отбасына үйдің кілттерін табыстады. Қалған 20 отбасы жаңа үйлеріне жақын уақытта кіреді.

Жаңа тұрғын үй кілттерін табыстау рәсімінен кейін Азамат Мұхамедчинов жаңа қоныстанушыларды Құрбан айт мейрамымен құттықтап, әр шаңыраққа амандық, бірлік пен бақ-береке тіледі.

Следующая →