Төрт жыл ішінде Өскемендегі автобустардың жартысы ауыстырылады
Сонымен қатар, қалада жаңа маршруттық желі енгізіліп, салынып жатқан ықшамаудандарға көлік жіберіледі
Облыс орталығының көлік саласындағы өзгерістерді жергілікті тасымалдаушылармен бірге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов талқылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Жиыннан кейін аймақ басшысы атап өткендей, билік қаланың көлік компанияларының жаңа жобаларын қолдайтын болады.
ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, алдағы 4 жылда Өскемендегі жылжымалы құрамның жартысын жаңарту жоспарланып отыр. Тасымалдаушылардың өздері атап өткендей, жылына бөлінетін 996 миллион теңге субсидия жүргізушілердің жалақысын төлеуге және еңбекақысы төмен болуына байланысты жұмыстан шығып кеткен қызметкерлерді қайтарып алуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі компания өкілдерінің кейбір салық аударымдарын кейінге қалдыру туралы ұсынысы туралы тиісті ведомстволарға бұл мәселені қарауды тапсырды
Следующая →
- Бірінші кезекте қыркүйек айында қолданыстағы маршруттарға жүргізілген талдау мен қала тұрғындарының өтініштері негізінде жасалған Өскеменге арналған жаңа маршруттық желінің жобасы ұсынылатынын хабарлағым келеді. Бірін бірі қайталайтын маршруттар болмайды. Жаңа желі міндетті түрде салынып жатқан шағын аудандарды қамтиды. Әрине, жаңа бағыттарда электрондық билет жүйесі жұмыс істейтін болады. Бұл жүйе жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуге және түскен пайданы одан әрі даму игілігіне жұмсауға мүмкіндік береді, - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.Кездесуде техникаларды жаңарту мәселесі де көтерілді. Аймақ басшысының айтуынша, әкімдік тасымалдаушылардың Кәсіпкерлікті қолдау қорымен ынтымақтасуына көмектеседі.
ШҚО әкімдігінің хабарлауынша, алдағы 4 жылда Өскемендегі жылжымалы құрамның жартысын жаңарту жоспарланып отыр. Тасымалдаушылардың өздері атап өткендей, жылына бөлінетін 996 миллион теңге субсидия жүргізушілердің жалақысын төлеуге және еңбекақысы төмен болуына байланысты жұмыстан шығып кеткен қызметкерлерді қайтарып алуға мүмкіндік береді.
Облыс әкімі компания өкілдерінің кейбір салық аударымдарын кейінге қалдыру туралы ұсынысы туралы тиісті ведомстволарға бұл мәселені қарауды тапсырды
Тақырыптар:
Общественный транспорт Усть-Каменогорска Новые автобусы в Усть-Каменогорске Маршрутные сети в Усть-Каменогорске Аким ВКО Даниал Ахметов