Өскеменде әйел автобус астына секірген
Суицид әрекеті жүзеге аспады – көлік жүргізушісі дереу тежегішті басып үлгерген
Ойланбай еткен әрекеттің әуресі – қабырға сынып, бірнеше жарақат алған.
Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, видеоға түсіп, кейін Instagram әлеуметтік желісінде тараған оқыс оқиға 28 маусым күні орын алған.
1967 жылғы азаматша Н. Назарбаев даңғылы мен Металлургтер көшесі қиылысында келе жатқан №19 автобустың астына секірген. Қоғамдық көлікті тізгіндеген жүргізуші жолға жүгіріп шыққан адамды көре сала дереу тежегішті басқан. Бірақ дегенмен көлік азаматшаны қағып кеткен.
Зардап шегуші азаматша полиция қызметкерлеріне берген жауабында жүргізушіге қатысты наразылығы жоқ екенін айтқан. Өзі де осымен бірнеше рет өзіне қол салмақ болған екен. Ол 2021 жылдың ақпанынан бері ПНД-да тізімде тұр.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.
Следующая →