Құтқарушылар Өскемендегі Красина кентінде соналарды улады
Аралар ағаштың биік басына ұя салып алған. Ал оған жақын маңдағы үй тұрғындары өздері қол жеткізе алмаған көрінеді
Леваневский көшесінің тұрғындары жабайы араларды улау үшін құтқарушылардан көмек сұраған.
Құтқарушылар бұндай жәндіктермен қалай күресу керектігін түсіндірді.
Төтенше жағдайлар туындағанда "112" бірегей құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.
Следующая →
- Ағаш басына соналар ұя салып алған, үй иелері оған өздері жете алмаған, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Арнайы жасақ қызметкерлері дезинсекция жүргізді.
Құтқарушылар бұндай жәндіктермен қалай күресу керектігін түсіндірді.
- Өз бетіңізше әрекет етпес бұрін қауіпсіздік техникасымен танысып алу керек, - дейді мамандар. - Қандай да бір қарсылық әрекеттерді түнде жасаған жөн: түнде соналар ұяларына қайтып оралады да, белсенділіктері бәсеңдейді. Ақырын басып жақындаған жөн, шәлкес қимылды соналар шабуыл деп қабылдайды. Егер ұясы тым жоғарыда орналасса, саты немесе басқышты қолданбаңыз. Құтқарушылардың көмегіне жүгінген жөн.
Төтенше жағдайлар туындағанда "112" бірегей құтқару телефонына қоңырау шалыңыз.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
ДЧС ВКО Дезинсекцию осиного гнезда Помощь спасателей