Глубокое ауданындағы ауылдарда жел соқса, жарық сөнеді
Аудан әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесулерінде Черемшанка ауылының тұрғындары электр беру желілерінің істен шығуы туралы мәселені бірнеше рет көтерген болатын
Қазіргі таңда аталған проблеманы жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді аудан әкімі Тамара Рахимжанова. “АЭК” ШҚ қызметкерлері Вокзальная, Студенческая көшелері мен Юбилейный тұйық көшесіндегі 18 электр беру желісінің тіректерін ауыс-
тырып жатыр. Жұмыстар осы аптаның соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Бұндай мәселе басқа ауылдарда да бар көрінеді.
Следующая →
тырып жатыр. Жұмыстар осы аптаның соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Бұндай мәселе басқа ауылдарда да бар көрінеді.
- Уваров ауылындағы Новая көшесіндегі бағаналар күзде ауыстырылған, бірақ сымдары сол қалпы қалды. Токтағы кернеуді реттеу үшін бірнеше рет арнайы бригаданы шақырдық. Бізді Молодежная көшесіндегі желіге қосты. Бірақ жаңа жылдан бері тоқ күші бірде әлсіз, бірде жарық жыпылықтап, кейде тіпті токсыз қаламыз. Сәл жел тұрса, жарық сөніп қалады. Қайда хабарлассақ та, "хат жазыңыз, қарастырамыз" дейді. Бұл тек біздің көшедегі емес, бүкіл ауылдағы мәселе, - дейді ауыл тұрғыны Валентина Фомина.