Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Меценат Тарбағатай ауданын көркейтуді қолға алды

Тарбағатай ауданындағы бірқатар ауылдар көркейіп, халық үшін жауыр болған проблемалар шешімін тауып жатыр. Мұның барлығы ауданға қолдау көрсетіп отырған атымтай жомарттың арқасында

Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа талап ауылына ауызсу тартылып, құбыр 73 үйдің есігінің алдына дейін тегін жеткізілді. Енді қазылған жолдар қайта қалпына келтіріліп жатыр. Ол жұмыстар аяқталысымен ауылдың бір көшесіне жарық тартылмақ. 

Сонымен қатар, Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Ерболат Шаукенов жуықта Жаңаауыл ауылының кіре берісіне арка орнатылғанын айтты. Мұның барлығы меценат Қайрат Қабдешовтің демеушілігімен атқарылуда. 

Бұдан бөлек, 800 тұрғыны бар Жаңалық ауылына меценат жаңа көпір салып бастады. Ескі көпірдің жыры бірнеше жыл бойы халықтың мазасын қашырды. 
- Жаңалық ауылының ортасынан Қарасу өзені ағып жатыр. Өзеннің арғы жағасында 14 шақты үй бар. Ауылдың тұрғындары күзде, көктемде, жаздың жауынды күндерінде көпірден өте алмайды. Көктемде тасқын кедергі болса, жауынды күндері балшық. Көпірге бір көлік әзер сияды. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Себебі біздің меценат, депутат Қайрат Қабдешов өз қаражатына тасқынға төтеп бере алатын, көліктің қатынасына кең, тасты жол сала бастады, - деп атап өтті Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімі Дәуітбек Ниязбеков. - Осыған дейін мен Жаңа ауыл ауылдық округінде 9 жыл әкім болдым. Сол тұста Қайрат Қабдешұлы Жаңа ауылдың көшелерін жөндеп, 100 жарықтандыру бағанасын орнатып, жарығын тартып берген еді. Сондай-ақ, ауылдағы саябақтың абаттандырылуына көмектесіп, саябаққа су тартып берген.


Қолдау - фотоны Д. Ниязбеков ұсынды (4).jpeg

Аудан әкімі Асхат Смаилов депутаттың жасап жатқан қолдауына алғысын білдірді. 
- Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жасап жатқан игі істері үшін Қайрат Қабдешұлына алғысымды білдіремін. Туған жерінің әр топырағын кие тұтып, оны дамытуға атсалысатын азаматтарымыз көп болсын, - деп жеткізді Тарбағатай ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы.
"Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" демекші, қазақтың абыройлы азаматтарының ішінде көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, проблемаларын шешіп беруге көмектесіп, демеушілік көрсетіп жүрген жандар өте көп. Қайрат Қабдешов бір емес, бірнеше ауылдың проблемасын шешіп, мыңдаған халықтың жағдайын жақсартып жүрген жан. 

"Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас" дейді қазақ халқы. Ауылдық округ әкімдері Ерболат Шаукенов те, Дәуітбек Ниязбеков те Қайрат мырзаның уәдесінде тұратын, айтқанын орындайтын азамат екенін алға тартады.
 
"Кісі амалы өмірден өтумен үзіледі. Бірақ үш нәрсенің сауабы үзілмей соңынан келіп тұрады. Ол: пайдаға тастаған ілімі, жақсы тәрбиелеген перзенті және соңынан қалдырған жария садақасы" деген еді бір сөзінде Алла Елшісі (Алланың оған сәлемі және рахметі болсын). Мұндағы жария садақаға егілген ағаш, соғылан мешіт, медресе, жол, сондай-ақ қазылған құдық жатады.

Следующая →