Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +12°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +12°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +8°
  • Тараз
    +11°
  • Туркестан
    +14°
  • Шымкент
    +14°
$
448.89
+0.08
477.93
+1.11
¥
62.02
+0.02
4.76
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

"Ескі тамнан" бастау алған мектеп

Қара шаңырақ - Абай мектеп-лицейінің тарихы сонау Абай атамыз алғаш дәріс алған "Ескі тамнан" бастау алады. Сан дүлдүлді түлеткен, бірлігі бекем, болашаққа қадамы нық қасиетті білім ордасының жеткен жетістігі, алған асуы орасан зор

Ұлы Абай атамыздың атындағы мектеп бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты" КММ деген жаңа мәртебеге ие болды. 
- Облыстағы 8 мамандырылған мектеп қатарына 9-шы болып біздің мектебіміз қосылды. Бұл - біздің ғана емес, барша Абай елінің қуанышы. Роллан Рымханұлы бастаған ұжымымыз талай белестерді бағындырып, дүлдүлдер мен дарынды шәкірттерді қанаттандыратын, ұлылар елінің әлемдік деңгейге көтерілуіне себепкер мектеп болатынымызға сеніміміз мол - деп мәлімдеді мектеп ұжымы.
Айта кетейік, 1929 жылы Құнанбай ашқан "Ескі тамдағы" арабша оқытатын бастауыш мектептің мүлкі әуелі Абай қорығы "Жидебайға" көшіріліп, жаңа құрылған Шыңғыстау ауданының орталығы Қарауылда бес сыныптық шаруа жастар мектебі ашылды. Ал 1970 жылы үш қабатты ғимаратқа көшсе, 2020 жылы заманауи технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратқа көшкен.
Следующая →