Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Мира Зеленская
Ақпарат көзі:
Устинка

Алакөлде 120 демалыс орны келушілерді қабылдауға дайын

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында көлдегі рекреациялық аймақтардың дайындығы туралы айтты

Үржар аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында барлығы 188 демалыс базасы тіркелген, оның ішінде 28 маусымдағы мәлімет бойынша 163 нысанда санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары бар, ал 25 нысанда құрылыс-жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылары жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Бүгінде 121 нысан дайындық актісін алды. "Ashyq" жобасына кірген нысандар саны – 94 демалыс базасы. 

Басқарма мамандарымен COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу және "Ashyq" жобасын енгізу кезінде қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізіледі.

Жазғы маусым басталғалы "Алакөл" көлінен зертханалық зерттеулерге су және топырақтан санитариялық-химиялық, микробиологиялық, паразитологиялық көрсеткіштер бойынша сынамалар алынды, барлық сынамалар санитариялық талаптарға сай.

Облыстың туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан объектілерге келушілер (демалушылар) объектіге кіре берісте келуші статусын анықтау үшін "ASHYQ" мобильдік қосымшасының арнайы QR-кодын сканерлеу және көрсету шартымен ғана жіберіледі.

Ғаламтор желісі болмаған кезде, мобильді қосымша істен шықса немесе өзге де себептер болған жағдайда туристік-рекреациялық аймақ объектілеріне демалушылардың (келушілердің) статусын тексермей, келесі жағдайларда:

- берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру туралы құжатты (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда);
- немесе COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты (вакцинация паспортының электрондық нұсқасын);
- DAMUMED медициналық сервисінен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының қағаз (көшірмесі немесе түпнұсқасы) немесе электрондық нұсқасын ұсынған кезде кіруге рұқсат берілген.

"Сары/қызыл" статусы бар жеке тұлғаларға туристік-рекреациялық аймақтарға келуге тыйым салынады.

ШҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Үржар аудандық Санитариялық-эпидемиоллгиялық бақылау басқармасы халықты санитарлық ережелер мен республикалық, облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің қаулыларының барлық талаптарын сақтауға шақырады.
Следующая →