ШҚО-да атлеттердің "Batyrs Battlе" жарысы өтті
Облыс орталығында Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында "Batyrs Battl" спортық жарысы өтті
Спорттық жарыс қазақтың аты аңызға айналған балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Жобаның авторы – Мәдениет және спорт министрлігінің амбассадоры Сергей Цырульников.
"Batyrs Battle" – бұл салауатты өмір салтын насихаттайтын көпсайысты турнир. Ерекше жобаның мақсаты бұқаралық спортты дамыту және ұлттық спорт түрлерін қолдау, Президент жолдауында айтылған ұлттық мәдениет, тарих мен дәстүрлерді жаңғырту үдерісіне жасөспірімдер мен жастарды тарту.
Сайысқа сегіз атлет қатысты. Аткелеттер қап көтеру, бөрене көтеру, тас көтеру, метал шыбықты майыстыру, белдесу бойынша сынға түсті.
Атлеттерге Қажымұқандай алыптың ерлігін қайталау міндеті жүктелді деуге де болады. Мен қатысушылар құрамына қатты таңқалдым. Өйткені олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері өте көп, - деді Сергей Цырульников.
Жарыс қорытындысы бойынша Салауат Ахметқали өңір үздігі деп танылды.
Следующая →

- "Batyrs Battle" еліміздің төрт қаласында – Өскеменде, Ақтөбеде, Түркістанда және Нұр-Сұлтанда өтеді. Бүгін Шығыстың бас шаһарында жарыс алауы жағылды деуге болады. Негізі шараның басты мақсаты – Қажымұқан, Балуан Шолақтардың жаттығу үрдісін үзбеу және халық арасында насихаттау, - дейді Сергей Цырульников.
Сайысқа сегіз атлет қатысты. Аткелеттер қап көтеру, бөрене көтеру, тас көтеру, метал шыбықты майыстыру, белдесу бойынша сынға түсті.
Атлеттерге Қажымұқандай алыптың ерлігін қайталау міндеті жүктелді деуге де болады. Мен қатысушылар құрамына қатты таңқалдым. Өйткені олардың арасында халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері өте көп, - деді Сергей Цырульников.
Жарыс қорытындысы бойынша Салауат Ахметқали өңір үздігі деп танылды.
- Сайысқа бірінші рет қатысуым. Қаптарды биіктікке көтеру, бөренені көтеру, табиғи тасты көтеру, темір таяқшаны бүгу, белбеулі күрес – белдесу бойынша күш сынастық. Бұйырса тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқаудың финалына қатысатын боламын, - дейді Салауат Ахметқали.
Тақырыптар:
Фонд Sportqory Batyrs Battle Спортивные соревнования Министерство культуры и спорта РК Казахстанский союз спортсменов АО "Сәтті Жулдыз" РОО "Казахстанский союз спортсменов"