Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да 2020-2021 оқу жылындағы білім сапасы қандай болды?

Карантин кезінде қашықтан оқу білім сапасын төмендеткен жоқ, керісінше оқушылардың білімі бірнеше пайызға көтеріліпті

Әлемді жаулаған қауіпті дерт адам баласының күнделікті тыныс-тіршілігін, тірлігін толықтай өзгертті. Бетке маска киіп жүру, мүмкіндігі болса қашықтықтан жұмыс істеу, жеке қорғаныш құралдарын қолдану. Карантиндік шаралар енгізілгеннен бері 1,5 жыл уақыт өтті. Адам баласы осы жаңа талаптарға да бейімделіп қалды. 
Үйден оқуға бастапқыда балалар да, ата-аналар да қарсылық білдірді. Алайда вирустың таралуын ушықтырмай, сырқаттанушылардың санын азайту мақсатында 2020-2021 оқу жылында көптеген мектептер қашықтықтан оқыды. Онлайн форматында оқу облысымыздағы оқушылардың білім сапасына кері әсерін тигізе қоймапты. 


Білім деңгейі қалай анықталады?



2020-2021 оқу жылын 385 мектептің оқушылары штатты түрде,  127 мектептің оқушылары аралас форматта  және 135 мектептің оқушылары қашықтан аяқтады.  
Жалпы 2020-2021 оқу жылында қала мектептерінің білім сапасы 66,3%-ды құрады, ол ауыл мектептерінен 0,2% жоғары.

Оқушылардың білім деңгейін оқыту пәндерінен онлайн форматта мониторинг жүргізу арқылы, сондай-ақ әр тоқсанның аяғында білім сапасының мониторингі (онда жалпы балалар саны, оның ішінде "үздік" және "жақсы" бағаға оқитындар саны) арқылы жүзеге асырылды.
- Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы 2020-2021 оқу жылындағы пандемия және шектеу шаралары кезеңінде білім алушылардың пәндік және жалпы оқу дағдыларын білудегі олқылықтарды қалпына келтіру жоспарын іске асырды. 277 білім беру мекемесі жанында 5-тен 10-ға дейін оқушылардың толымдылығын сақтап және шектеу шараларын орындай отырып, үлгерімі нашар оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру үшін жылжымалы кесте бойынша штаттық режимде 2645 оқушы үшін демалыс күні қосымшалар өткізіліп отырды. Қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында лингвистикалық бағыттағы пәндер бойынша автоматтандырылған тест бағдарламасы арқылы интерактивті диктанттар мен сабақтар өткізілді, - деп түсіндірді Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Ахметкәрімқызы.
Сонымен қатар, 2021 жылғы ақпанда Білім басқармасы облыстарғы жалпы білім беретін мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру және білім сапасын арттыру бойынша өңірлік жоғары оқу орындары және педагогикалық колледждермен 2021 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі. Осы жоспарды іске асыру барысында С. Аманжолов және  Шәкәрім атындағы университеттер, Абай атындағы гуманитарлық колледж және 
М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжбен облыстың барлық 647 мектебі "бір оқушы - бір студент" жобасы аясында жұмыс жасады. Жұмыс аясында онлайн-мектептер, TEDx конференциялары, студенттердің оқушылармен волонтерлік жұмыстары, магистранттармен консультативтік және практикалық сабақтар, басқа да жұмыс түрлері ұйымдастырылды. 

Ауырғандар артып жетіледі


Оқу жылы басталғаннан бері оқушылар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың 1810 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1148 бала қашықтықтан оқып жүрді, ал 662 оқушы штаттық режимде білім алды. 
- Бүгінгі таңда 1757 оқушы карантиннен шықты, 53-і карантинде. Ауырған балалардың 1538-і үй ошағында жұқтырған, 6% мектеп ішінде байланыс-
та болғандар, 9% басқа ошақтардан жұқтырғандар. Облыс бойынша 529 мұғалімнің (2,2%) ПТР тесті оң болды, - деп атап өтті Сайрангүл Ахметкәрімқызы. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес, мектептерде әр сыныпқа жеке кабинет бекітілді, міндетті түрде маска режимін сақтай отырып, санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейтумен, таңертеңгі фильтр, термометрия жүргізілді, оқушыларға жеке парта мен орындық бекітілді, 300 оқушы контингенті бар мектептер штаттық режимде жұмыс жасады, мектепалды сыныптардың, жалпы білім беретін мектептердің 1-5-сынып оқушылары, 9, 11-сынып оқушылары, саны 15 баладан аспайтын аралас форматта оқыды, 6-8 және 10-сынып оқушылары қашықтан оқыды және  бекітілген алгоритмге сәйкес КВИ ауруының екі және одан да көп ошақтары анықталған жағдайда мектептер толығымен қашықтықтан оқытуға көшірілді, бір ошақ анықталған жағдайда - тек кезекші топтар мен сыныптар карантинге жабылды.


Емтихан мен тестілеу қалай өтті?



Мемлекеттік емтихандар өтетін күндері COVID-19-бен науқастанған 9  және 11 сыныптардың оқушылары білім беру ұйымының бұйрығымен қорытынды аттестаттаудан босатылды, ал ауырғандармен байланыста болған және емтихан өткізетін күндері карантинде болған 9 және 11-сыныптардың білім алушылары қорытынды емтиханды қашықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып тапсырған екен. 
- Емтиханды онлайн тапсырған оқушалар Zoom платформасы арқылы бейнекамера алдында отырып тапсырды. Емтихан аяқталған соң орындалған жұмыстарын фотоға түсіріп мектепке жіберді. Комиссия сол бойынша бағаларын қойды, - деп қосты Білім басқармасының басшысы.
Ал ҰБТ-ға келетін болсақ, оның биылғы ерекшелігі - түлектер ҰБТ-ны электронды форматта тапсыруда. Сондай-ақ, олардың білім беру грантына тестілеуді тапсыруға екі мүмкіндігі бар: мамыр және маусым айларында. Тестілеуді тапсыру күнін түлектің өзі таңдайды.
- Биылғы оқу жылында облыста Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізудің 5 пункті жұмыс істейді. Олар Өскемен, Семей, Аягөз қалаларында және Ақсуат, Үлкен Нарын сынды аудан орталықтарында. Білім беру гранттарына түсу үшін тестілеу облыста 6 мамырда басталды 30 маусымда аяқталады, - деп қосты Сайрангүл Жұмаділова.
Жалпы, облыстың 7000-нан астам түлегі ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр, бұл жалпы түлек санының 82%-ын құрайды. 
Бүгінгі күні түлектердің барлығы бірінші мүмкіндіктерін пайдаланып қойды, екінші мүмкіндіктерін  тек 58%-ы қолданды.

Жазғы мектепке барды? 


Жазғы мектептің мақсаты - оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен  оқушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толтықтыруға көмектесу.

Жазғы мектепте оқу жылы көлемінде қашықтықтан/аралас форматта білім алған оқушылар өз қалауы бойынша оқыды.
- Шығыс Қазақстан облысындағы 423 мектептің 47336 оқушысы  жазғы мектепте білім алуға тілек білдірді. Олардың ішінде 1-4-сынып аралығында 15145 оқушы, 5-10-сынып аралығында 32191оқушы жазғы маусымда қосымша білім алды, - дейді Сайрангүл Ахметкәрімқызы. 
Педагогтерге жаз кезінде сабақ жүргізгені үшін қосымша ақы төленбейді. Себебі жазғы мектеп ұстаздар еңбек демалысына шыққанша, яғни, 19 маусым күні аяқталып қойды. Бұл дегеніміз жазғы мектеп педагогтардың оқу жылына бекітілген жүктеме шеңберіне кіріп отыр.

Нәтиже жаман емес 


Биыл елімізде "Алтын белгі" алған түлектердің саны рекордтық көрсеткішке жетіпті. 9 738 үміткер қорытынды аттестаттау барысында өз білімдерін дәлелдеп, "Алтын белгі" иегері атанған.

Олардың басым бөлігі Түркістан (1 856), Алматы (1 432) қалалары мен Шығыс Қазақстан (738) облыстарының түлектері.
- 2020-2021 оқу жылы 11-сыныпты 8843 түлек, оның  738-і "Алтын белгімен", 509-ы Үздік аттестатпен бітірді. 9-сыныпты 16385 түлек аяқтады, оның ішінде 1949 оқушы үздік аттестат иесі атанды, - деп толықтырды Білім басқармасының басшысы.

Қашықтықтан оқу білімді құлдыратты 



Білім басқарамасының берген ақпаратына қарасақ, оқу жылы сәтті өткендей ой қалыптасады. Алайда ата-аналар мен ұстаздар "бір жылымыз босқа кетті" деген пікірді алға тартады. 
- Еліміздегі бүгінгі білім саласы алаңдатарлық жағдайда тұр. "Жығылғанға жұдырық" демекші қазіргі пандемия жағдайы онсыз да ойсырап тұрған білім саласын құлдыратып кетті. Онлайн мектептің аты бар болғанымен, заты оқу дегенге келмейді. Өйткені онлайн оқуға көптің қолы жетпейді. Ауылды жерлерде ұялы байланыс, ғаламтор деген мүлдем жоқ. Интернет іздеп ауыл-ауылды, тау-тасты аралап жүрген оқушыларды көріп жүрміз. Интернеті барлардың өзінде онлайн оқу қағаз жүзінде ғана, кейбір оқушылар ұйқысы қанған кезде тұрып, зуммен, уатсап желісінде болып жатқан сабаққа кіргісі келсе кіреді, кіргісі келмесе тағы өзі біледі. Оны қадағалап отыратын ата-аналар таңнан кешке дейін жұмыста. Менің түсінігімде онлайн білім беру тек қағаз жүзінде ғана жақсы өтті. Бұрынғы 4-5-ке оқып жүрген оқушыларымыз  3-тоқсаннан бері мектепке келіп оқыды. Білім сапалары әлдеқайда төмендеп кеткен. Бұл 1,5 жыл бойғы онлайн мектептің "пайдалы" жағы. Бала сабақ оқудан қол үзіп кеткен. Үйде 30-45 минут сабаққа кіріп отыру, ол мектепте оқығанмен бірдей емес. Мұғалімнің алдында отырып, диалогқа түсіп, білмегенін сұрап, жаттығу жұмыстарын жасап, мәтінді талдау деген онлайн мектепте мүмкін емес. Балалар білімінің ақсап тұрғаны осы онлайн мектептің салдары, - деді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сәуле Қайрамбаева.
Қашықтықтан оқудың тағы бір қиыншылығы - бұл интернет желісінің нашарлығы болды. 
- Интернет желісін бірнеше адам қатар пайдаланса, жылдамдығы күрт төмендеп кетеді. Мұғалімдердің "интернетім тартпай тұр" деп тапсырманы жібере салып қана отыратын кездері көп болды. Менің бір балам 4-сыныпта, бір балам 2-сыныпта оқиды. 2-сыныпта оқитын баламның ұстазы 15-20% ғана ақпарат берді, қалғанын өзіміз ізденіп табуымыз керек болды. Сондықтан жеке репетиторлар жалдауыма тура келді, - дейді ата-аналардың бірі Ғалия Абаева.
Репетитор жалдауды барлық ата-ананың қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне  оқу жылының көлемінде балаға ақылы білім берудің өзі көп қаражатты қажет етеді. 
Білікті мамандарды жалдау арқылы білім алу да бір амал шығар. Бірақ онда мектептің ұстаздары не үшін керек?
Следующая →