Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да "Жасыл ел" жасақтарының ХVІI жұмыс маусымы ашылды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Өскеменде "Жасыл ел" еңбек жасақтарының ХVІI жұмыс маусымының ашылу салтанаты өтті

Аталған шара облыстық Ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Мақсаты – жастарды еңбекке баулып, табиғатты қорғау. Отанға адал қызмет ету.

Биыл облыс бойынша 19 қала мен ауданда "Жасыл ел" бағдарламасы аясында 1200 жасты жұмыспен қамту жоспарлануда.
- Жоба Елбасының бастамасымен 2005 жылы іске асқан болатын. Содан бері әр өңір жастары өзінің отанын жасылдандыруға үлестерін қосып келеді. Жобаға қатысушы жас сарбаздар арнайы киімдермен, соныме қатар, жұмыс беруші тарапынан 42500 теңге және 35394 теңге жалақымен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, түрлі танымдық, спорттық-мәдени шараларға қатысатын болады. Қазір жұмыс берушілердің саны артып келеді. Жобаға қатысу үшін 16-29 жас аралығындағы еңбек күштерін қабылдаймыз. Көбінесе студент жастар мен көпбалалы отбасының балаларын жұмысқа қабылдап жатырмыз. Бізге жұмысқа келем дегендерге есігіміз ашық, - дейді ШҚО Жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекова.
Ашылу салтанатынан кейін "Жасыл ел" жасақтары қала көшелеріне көшеттер егіп, жұмыстарын бастап кетті.
- Студенттер үшін жазғы демалыс уақытында жұмыс табуы өте қиын. Осы ретте аталған жоба жастар арсындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Қазір жобаның арқасында "Жасыл ел" жасағы қатарына жұмысқа орналастым. Жұмысым өзіме ұнайды, - дейді "Жасыл ел" жасағының өкілі.

Следующая →