Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да қонақ үйлер ерікті түрде вакцина алуға ниет білдірді

ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктерімен бірлесіп, туристерді орналастыру орындарының қызметкерлерін кезең-кезеңімен вакцинациялау бойынша жұмыс жүргізуде

Жазғы туристік маусымда қонақтардың басым бөлігі қонақ үйлерге келетіні белгілі.
- Республика бойынша қонақ үйлердің ең қөбі – Шығыс Қазақстан облысында. Яғни, келушілерді орналастырумен айналысатын 560 орын бар. Індетке қарсы вакцина алудың алдыңғы қатарында туризм қызметкерлері болуы керек. Коронавирустан сақтанудың ең тиімді жолы ол – вакцина алу. Осыған орай кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жұмыс орнында көшпелі мобильді группалардың жұмысы  ұйымдастырылды. Айта кету керек, қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында қонақ үй қызметерлері вакцина алуға өз еріктерімен ұсыныс жасаған. Себебі олар туристермен тікелей байланыста болады. Қазір екпенің бірінші кезеңін алған қонақ үй қызметкерлерінің саны 70 пайызға дейін жетті, - дейді Шығыс Қазақстан облысның Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 23 маусымында ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасы қонақ үй басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың 24 маусымында көшпелі вакцинация жүргізуге қаланың екі ірі "Dademan" және "Өскемен" қонақ үйлерінен өтінімдер келіп түсті.
Следующая →