Қазақстандағы тұңғыш радионуклидтік терапия бөлімшесі Семей қаласында ашылды
Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеудің бірегей, тиімді және қауіпсіз әдісі енгізілді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығына барды. Онда бүгін радионуклидтік терапияның жаңа бөлімшесі ашылып, бірегей радиойодтерапия курсын өткізу үшін "қалқанша безінің қатерлі ісігі" және "тиреотокискоз" диагнозы бар алғашқы науқастарды қабылданды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ядролық медицина және онкология орталығының өкілдері бүгінгі күні радиойодтерапия метастаздармен және тиреотоксикозбен сараланған қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеудің ең тиімді және қауіпсіз әдісі екенін айтты. Әлемдегі терапиялық радиофарпрепараттарды қолданумен байланысты барлық емдік процедуралардың 70%-дан астам үлесі осы әдіске тиесілі.
Бұл әдістің бірегейлігі натрий иодиді I-131 шығаратын бета бөлшектер тіндерге тек 2 мм ғана әсер етеді. Радиацияның бұл түрі басқа органдарға қауіпті емес. Радиоактивті йодтың тек қалқанша безінің жасушаларына әсер етуі радиойодтерапияның негізін құрайды және оның ерекше тиімділігін анықтайды.
Следующая →

- ШҚО қатерлі ісіктермен сырқаттанушылар саны бойынша алдыңғы орындардағы аймақ. 18 мыңнан астам пациент есепте тұр. Қазақстанда жыл сайын қалқанша безінің қатерлі ісігімен ауыратын 600-ге жуық науқас радиойодтерапия жүргізуді қажет етеді. Мұндай орталықтың ашылуы еліміздің барлық онкологиялық қызметі үшін өте маңызды оқиға. Бізде радиойодтерапия әдісі алғаш рет қолданылады, емдеу Халықаралық хаттама бойынша жүргізіледі, - деді "Қазақ онкология және радиология" АҚ Басқарма төрайымы, Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы Диляра Қайдарова.Аймақ басшысы Даниал Ахметов Семей Ядролық медицина және онкология орталығының іске қосылуы үш кезеңнен тұратынын еске салды. Осы жылдың сәуір айында радионуклидтік диагностика бөлімшесі ашылды, ол емдеуді ауру асқынбай тұрып бастауға мүмкіндік береді. Екінші кезең барысында Радионуклидтік терапия бөлімшесі ашылды. Соңғы кезеңде циклотронды және позитронды-эмиссиялық томографтарды қатарға қосу жоспарланып отыр.
- 4 жыл бұрын біз ШҚО-ның денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасын қабылдадық. Барлық медициналық жабдықтарға аудит жүргіздік. "Ана мен бала", "Онкология", "Кардиология" және "Травмотология" бағыттары бойынша медициналық техникамен жабдықтауды орташа халықаралық деңгейге шығару міндетін қойдық. Біз мұны бүгінгі таңда жүзеге асырдық. Адами капиталды дамыту маңызды бағыт. Біз шетелдік клиникалық мекемелерде 300-ден астам адамды оқыттық. Биыл тек онкологиялық бағыт бойынша 50-ден астам дәрігер шет елдерге барып білімдерін жетілдіреді. Осылайша, біз жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету және мамандарды дамыту жөніндегі міндетті орындаймыз, - деп атап өтті облыс әкімі.Ол сондай-ақ қойылған міндеттерді орындау нәтижесінде жергілікті билік алдағы 3 жылда басым бағыттар бойынша азаматтарға медициналық қызмет көрсетуді республикадағы жетекші орындарға шығаруды көздеп отырғанын айтты.
Тақырыптар:
Радионуклидной терапия Центр ядерной медицины и онкологии города Семея Аким ВКО Даниал Ахметов Рак щитовидной железы